21 қараша 2017 12:20

Мен барлық әйелді қорғаймын - Баян Есентаева өзі ашатын қор жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/bayanmaxatkyzy © instagram.com/bayanmaxatkyzy

Продюсер Баян Есентаева тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әрбір әйелге көмектесуге уәде берді. Оның көмегін алу үшін Есентаеваның өзіне тікелей хабарласу қажет. Бұл туралы продюсер НТК телеарнасындағы "Ревю" бағдарламасында айтып берді.  


Продюсер Баян Есентаева тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әрбір әйелге көмектесуге уәде берді. Оның көмегін алу үшін Есентаеваның өзіне тікелей хабарласу қажет. Бұл туралы продюсер НТК телеарнасындағы "Ревю" бағдарламасында айтып берді.  

Есентаева тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге көмектесумен айналысатын қоғамдық ұйым ашу туралы ниетін айтқан кезден бастап көмек сұрап келетіндер қатары көбейіпті. 

"Мұндай жағдай кез келген жерде болып жатыр: әуежайда, дүкенде, кафеде. Әйелдер келеді де, "Баян, сізді бір минутқа бола ма?" деп сұрап әкетеді. Содан әйелдеріміз тап болып жатқан сұмдық оқиғалар айтылады. Бүгін осында бір әйелмен кездестім, ол да көмек сұрап келіпті. Әйел тұрмыста зорлық көріп келе жатқанына үш жыл болғанын айтады. Ендігіде жеке хабарласқан әрбір әйелді қорғаймын", - деді Баян Есентаева.

Қазіргі уақытта жоба дайындалып жатыр екен. Есентаева осы тектес ұйымдардың жетекшілерімен кездесіп, шетелге тәжірибе жинауға аттанбақшы. Ұйымның концепциясын жасаумен бүтін бір команда жұмыс істеп жатқаны да айтылып отыр. 

"Болашақ қорымыздың атауы да бар. "Аю тас" деп аталады. Ежелгі түрік тілінен аударғанда "отбасы" деген мағынаны береді. Қазақстанда осындай жүзден аса ұйым бар. Осы істі біз де зерттеп білдік. Олар да жұмыс істеп жатыр, әрине. Бірақ мұндай кең ауқымды емес әрі қалағанындағыдай нәтиже көріп отырған жоқ. 101-ші ұйым болып қалғымыз келмейді", - дейді ол.

Қазіргі таңда Баян Есентаева қаржы іздеп жатыр. Айтуынша, авторлық кітабының сатылымынан түсірген қаражатты қорды ашып, жұмысын жүргізіп кетуге аздық етеді екен.

"Шатасуым мүмкін, апта сайын қаражат түсуі мүмкін. Бұл сома 40 миллион теңгеден асуы мүмкін", - деді ол.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети