"Менде ғана бар". Танымал сазгер Димашқа "қайраткер" атағын бергендерді сынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Менде ғана бар". Танымал сазгер Димашқа "қайраткер" атағын бергендерді сынады Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Дос-Мұқасан" ансамбілінің негізін қалаушы әрі көркемдік жетекшісі, танымал композитор Мұрат Құсайынов қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенмен қалай танысқанын айтып, жастарға қайраткер атағын беретіндерді сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Дос-Мұқасан" ансамбілінің негізін қалаушы әрі көркемдік жетекшісі, танымал композитор Мұрат Құсайынов қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенмен қалай танысқанын айтып, жастарға қайраткер атағын беретіндерді сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Композитор "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатында Димашты 16 жасынан бері танитынын айтты.

"Шабыт" фестивалінде Димаш ән айтты. Сол кезде-ақ даусы керемет болатын. Өзі көрікті жігіт, дереу көзге түсті. Гран-приді соған бердік. "Айналайын, болашағың зор екен, сен жақсылап оқы, сахнаға шығуға асықпа" деп айтқаным рас. Талай концертте кездесіп жүрдік. Кейін Қытайда диапазонымен таңғалдырды. Көрермен деген у-шуды жақсы көретін халық, қаттырақ шыңғырсаң керемет әнші деп есептейді. Бізде көреалмаушылық басым, біреу алға шығып кетсе, аяғынан сүйрейді. Соны қоятын кез келді. Димаштың өзін мемлекет қолдауы керек. Димашқа арнап бағдарлама жасау керек", - деді Мұрат Құсайынов. 

Сонымен қатар, ол "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын қазір екінің бірі алып кеткеніне наразы болды. 

"Мәдениет министрлігі біреу шықса болды, мадақтап, атақ бергеніне ғана мәз. Димашқа "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын берді. Ол үлкен атақ. Ол менде ғана бар. "Дос-Мұқасанда". Оны 20-30 жыл қызмет етіп барып алуың керек. "Қайраткер" деген сөз өте жоғары. Оны екінің біріне бере береді", - деді композитор. 

Айта кетейік, Димаш Құдайбергенов 2019 жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алған болатын.    

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети