Мейрамбек Бесбаев танымал боксшы Майк Тайсонмен сөйлесті

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мейрамбек Бесбаев танымал боксшы Майк Тайсонмен сөйлесті Сурет: instagram.com/m_besbaev

Әнші Мейрамбек Бесбаев Instagram-дағы парақшасында боксшы Майк Тайсонмен сөйлескен видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әнші Мейрамбек Бесбаев Instagram-дағы парақшасында боксшы Майк Тайсонмен сөйлескен видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Білектің күшімен бүкіл әлемді таңғалдырған аңыз адам Майк Тайсонмен телефонмен сөйлесу сәті түсті. Жүрегі жұмсақ, жаны таза жігіт екен", - деп жазды әнші.

Бесбаев Тайсон да кептер ұстайтынын жазып, "Біздің кептершілер одағының мүшесі десең" деп әзілдеді.

"Бас аман, бауыр бүтін болып, жақсы күндерде жолығайық. Оразаларыңыз қабыл болсын", - деп аяқтады әнші жазбасын.

Еске салайық, Майк Тайсон - ауыр салмақта өнер көрсеткен америкалық кәсіпқой боксшы, тарихтағы ең танымал боксшылардың бірі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Mike Tyson (@miketyson)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 485.61   555.95   6.01 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети