Máńgilik El Daýysy жобасының студенттерге арналған конкурсының қорытындысы шықты

Еліміздегі алғашқы музыкалық шоу - Máńgilik El Daýysy жобасының елордалық студенттерге арналған конкурсының қорытындысы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Еліміздегі алғашқы музыкалық шоу - Máńgilik El Daýysy жобасының елордалық студенттерге арналған конкурсының қорытындысы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айта кетейік, концертке билет ұтып алу үшін кез келген қазақша әнді орындап, оқу орнының Instagram парақшасына #BirgeAnSal хештегі арқылы видео жүктеу керек болған. 

Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз - Astana IT University студенттері. Олар "Көзіңнің мөлдірін-ай" әнін орындап, 134 билет және Máńgilik El Daýysу жобасына қатысатын барлық әншінің қолтаңбасы бар сертификат ұтып алды. 

"Концерт ұйымдастырушыларына Отанға деген махаббатын ашуға ықпал ететін ерекше кеш ұйымдастырып жатқандарына алғыс айтамын. Біздің студенттер дайындық барысынан ләззат алды. Нәтижесінде бірінші орынды иеленгенімізге іштей мақтанамыз. Біздің студенттер концертке келіп, сүйікті әншілеріне қолдау білдіреді. Міндетті түрде сіздердің конкурстарыңызға қатысамыз, тағы ұйымдастырып тұрыңыздар!", - дейді университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Жанат Айтпаева. 

Екінші орынды Қазақ технология және бизнес университеті иеленді. Конкурс қатысушылары "Бір бала" әнін орындап, 64 билет ұтып алған. "Жан досым" атты әнді орындаған "Астана" Халықаралық университеті 45 билеттің иегері атанып, үшінші орынға жайғасты. 

9 қарашада Нұр-Сұлтанда сағат 19:00-де шоуға өнер жұлдыздары әндерін жанды дауыста орындайды. Жоба көрермендерді ерекше қойылымдар, әдемі безендірумен қуантып, сондай-ақ тыңдармандардың әртістермен бірге ән айтуға мүмкіндік болады. Хит әндердің мәтіндері көрермендерге ыңғайлы болу үшін led-экрандарға шығарылады.

Еске салайық, концерт қонақтары - Ерке Есмахан, Айқын, Нұржан Керменбаев, Raim & Artur, Ерболат Құдайберген және Орда тобы. 

Жоба ұйымдастырушысы - Pantograph продюсерлік орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ақпараттық қолдау - Alash Media Group холдингі.

Шараға билеттерді ticketon.kz сайтынан алуға болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro