Miss United Continent байқауында қазақстандық арудың ұлттық киімі ТОП-10-ға енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Miss United Continent байқауында қазақстандық арудың ұлттық киімі ТОП-10-ға енді Әйгерім Қожахан. Фото жеке мұрағатынан

"Біріккен құрлықтар Аруы -2014" (Miss United Continent) сұлулық байқауында Қазақстан намысын қорғап жүрген Әйгерім Қожахан киіп шыққан ұлттық киім ТОП-10 үздікке енді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Біріккен құрлықтар Аруы -2014" (Miss United Continent) сұлулық байқауында Қазақстан намысын қорғап жүрген Әйгерім Қожахан киіп шыққан ұлттық киім ТОП-10 үздікке енді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz

"Ең үздік ұлттық киім" байқауында бірінші орынды - Индия, екінші орынды – Панама, үшінші орынды Мексика иеленді.

Мұнымен қатар бикини киімі бойынша да жарыс өткізілген болатын. Алайда бұл сайыста біз көзге түсе алмадық.

Естеріңізге сала кетейік, Әйгерім Қожахан - "Алматы Аруы-2013" байқауының жеңімпазы. Сонымен қатар өткен жылы Мәскеу қаласында өткен "Әлем Аруы-2013"-ке қатысқан болатын. Ол кезде Қожахан "Қазақстан Аруы -2013" жеңімпазы Жазира Нұрымбетованы алмастырғанын жұртшылық біледі. Жазира болса, ұйымдастырушылардың шешімі бойынша, байқауға қатыса алмаған еді.

Ерекше айта кетерлігі, Қазақстан мұндай жоғары деңгейдегі жарысқа бірінші рет қатысып отыр. Финал 13 қыркүйекте Эквадорда өтеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети