Мөлдір Әуелбекова КешYou тобынан кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне топтың продюсері Баян Есентаева әңгімелеп берді.
Мөлдір Әуелбекова КешYou тобынан кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне топтың продюсері Баян Есентаева әңгімелеп берді.
"Мөлдір Әуелбеков 14 қыркүйектен бастап ресми түрде КешYou тобының әншісі емес. Жалғыз ғана себебі бар - денсаулығына байланысты. Дәрігерлер ресми түрде оған ұшуға тиым салды. Топтың қатарында болған үш аптаның ішінде ол денсаулығына байланысты үш рет өнер көрсетуден бас тартуға мәжбүр болды. Сондықтан да мұндай жағдай үшінші рет қайталанғанда мен КешYou тобының әншісін ауыстыру туралы шешім қабылдадым", - деп түсіндіріп берді Есентаева.
Оның айтуына қарағанда, оны алмастыратын әншіні тауып қойған екен. "Бізде әрдайым қосымша әнші бар, ол - Жұлдыз Өмірғали, оның жасы 19-да, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің стутденті. Жуық арада, бүгін не ертең мен оны теледидардан көрсетемін, жанкүйерлер КешYou тобының жаңа әншісін жақсы қабылдайды", - деді продюсер.
"Топқа Жанар Доғалованың қайта келуі қарастырылып отырған жоқ, ол менің продюсерлік орталығымда, менің басшылығымда қалады. Мөлдір Әуелбекова да әзірге продюсерлік орталықта қалады, бірақ біз оның денсаулығын түзейтін боламыз. Оған ұшуға рұқсат етілмегенше, ол гострольдік сапарларға шыға алмайды. Бұл Мөлдірдің топтан кетуінің жалғыз ғана себебі. Мен оны топқа қайта шақыру туралы шешім қабылдағанда, оның денсаулығына мән бермеппін. Қазір біз оның денсаулығын түзетіп, содан кейін барып ары қарай қалай жұмыс істейтініміз туралы әңгімелесеміз", - дейді Есентаева.
Мөлдір Әуелбекова КешYou тобында алты жыл жұмыс істеп, 2012 жылы ұжымның қатарынан кеткен. Дәл сол уақытта топтан Анель Әринова да кетті. Ол кезде Баян Есентаева келісім шарттың не үшін бұзылғанын айтқан жоқ еді. 2012 жылдың күзінде Баян Есентаева Жанар Доғалова, Айдана Меденова және Кәмшат Жолдыбаева сынды әншілерден құралған КешYou тобының жаңа құрамын таныстырды. Дегенмен 2014 жылдың 17 шілдесінде Есентаева жеке әншілікпен айналыса бастаған Жанар Доғалованың орнына Мөлдір Әуелбекованың КешYou тобына қайта келгенін айтқан болатын.