12 сәуір 2022 11:13

"Мықты айтты". Қайрат Нұртас анасынан кешірім сұрап, жұртты жылатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған скриншот Видеодан алынған скриншот

Қайрат Нұртас анасы Гүлзира Айдарбекованы туған күнімен құттықтау сөзінде кешірім сұрап, жұртты жылатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қайрат Нұртас анасы Гүлзира Айдарбекованы туған күнімен құттықтау сөзінде кешірім сұрап, жұртты жылатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 12 сәуірде танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова 54 жасқа толды. 

"Дәл бүгін 12 сәуір Космонавтар күні, әкешім Дәрібайұлы Үсен мен анашым Башарқызы Зайфун, өмірге шыр еткізіп 1968 жылы отбасымыздағы 7-ші перзенті етіп өмірге алып келіпті. Жандары жәннатта болсын!", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова Instagram-да.

Ол сағат тілі 00:00-ді көрсеткеннен бастап құттықтаулар, телефон қоңыраулары тағат таппай шырылдап, құшақ-құшақ гүлдер келіп жатқанын айтты. Бір шоқ гүлін көтеріп ұлы Қайрат Нұртас та құттықтап келгенін видеолардың бірінен көре аламыз. 

"Менің түсінгенім, соңында қасымда қалатын тек - ата-ана. Анажан мен сізді қатты жақсы көремін. Істеген қателерім болса, ренжіткен кездерім болса кешірім сұраймын. Жаным ана, сіз менің жәннатымсыз. Сіз тек бақытты өмірге лайықсыз", - деді әнші. 

Бұл сөздерге ана жүрегі елжіреп, көз жасына ерік берді. Желі қолданушылары да Қайрат Нұртастың бұл сөзіне елжіреген секілді. 

"Кайрат молодец, мықты айтты. Қосылып жылап алдық", "Биылдыққа Қайрат жүрегімізді тебірентіп, қуаныштан жылатумен болды-ау...", - деп жазды продюсердің оқырмандары. 

Гүлзира Айдарбекова көңіл бөліп, құшақ-құшақ гүлімен келіп жатқан жақындарының бәріне алғыс айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети