Никита Пресняков қызымен айырылысып кетті. Бұл туралы Алла Пугачеваның немересі Super.ru басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.
Никита Пресняков кәмелет жасына толмаған Алена Красновамен Жаңа жыл қарсаңында айырылысты. Ол бір-бірінен не үшін қол үзгенін айтпады. Айта кетейік, жұп Пресняков қазақстандық 23 жастағы Аида Қалиевамен айырылысқаннан кейін 2014 жылдың сәуір айында кездесе бастаған еді. Сол кезде де жастар қарым-қатынастары жайлы пікір білдіруден бас тартқан.

Никита Пресняков пен Аида Қалиеваның айырылысуы жайлы Никитаның әкесі Владимир Пресняков айтып берді. Ол баласының уақыты тығыз болғандығы - негізгі себеп екенін жеткізді. Сол уақытта Никата "Точь-в-точь" жобасына қатысып, кәсіби түрде өнер жолына түскен болатын.
