"Новая волна" байқауында сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасаған әнші Жүгінісовтің тұңғышы дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Новая волна" байқауында сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасаған әнші Жүгінісовтің тұңғышы дүниеге келді Рүстем Жүгінісов © Instagram/zhugunussov

Қазақстандық әнші Рүстем Жүгінісовтің тұңғыш баласы дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әнші Рүстем Жүгінісовтің тұңғыш баласы дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші сүйінші хабарын Instagram парақшасы арқылы жариялады. Айтуынша, тұңғыш перзентіне Айдай есімі берілген.

"Сүйінші!!! Әке атандыыыым! Аллаға шүкір! Рүстемқызы Айдай. Әжесінің туған күні - 28 наурыз, нағашы әжесінікі - 29 наурыз, ал Айдакөніміз ешкімді ренжітпей 30.03.18 дүниеге келді", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Рүстем Жүгінісов 2017 жылы 14 қыркүйекте Сочи қаласында өткен "Новая волна" байқауының жабылу салтанатында сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасаған. Әнші ол байқауда "көрермен көзайымы" сыйлығына ие болған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети