19 мамыр 2022 15:26

Нұрлан Қоянбаев "Игра в Кальмара" актерлерімен кездесті

Камила Долаева Журналист
Сурет: instagram.com/koyanbayevnurlan

Қазақстандық продюсер, актер Нұрлан Қоянбаев Канн кинофестивалінде жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық продюсер, актер Нұрлан Қоянбаев Канн кинофестивалінде жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлем кино өнерінің жетістіктеріне баға беретін бұл фестиваль биыл 75 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр.

"Канн кинофестивалінің бүгін қызыл кілемінен ресми өту рәсімі бұйырды", - деп жазды Қоянбаев Instagram-да.

Реклама
Реклама

Ол биыл комедиялық киномен ашылған танымал фестивальдің осы жанрға аса мән беріп жатқаны байқалатынын айтты.

"Еліміздің талай кино туындылары осы ортада топ жаратынына сенімдімін!", - деді продюсер.

Нұрлан Қоянбаев фестивальдегі атмосфераны Stories-тен көрсетіп жүр. Әлемге танымал жұлдыздардың арасында жүрген ол былтыр хит болған "Игра в Кальмара" сериалының актерлерімен суретке түсті.

"Игра в Кальмара" кім көрді? Ұнады ма? деп сұрап жатыр", - деп жазған ол.

Айта кетейік, кинофестиваль Францияның Канн қаласында 17-28 мамыр аралығында өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram