Баян Есентаева Muzzone телеарнасының бас редакторы Мұхит Сапарбаевқа берген сұхбатында өзінің қоғамның, БАҚ-тың және белгілі адамдардың қудалауына ұшырап келгені мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Баян Есентаева Muzzone телеарнасының бас редакторы Мұхит Сапарбаевқа берген сұхбатында өзінің қоғамның, БАҚ-тың және белгілі адамдардың қудалауына ұшырап келгені мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол кітабы шыққаннан кейін бұл тақырыпты "жабатынын" мәлімдеді. "Жеке өмірім жайлы ғана емес, мен жайлы жалпы. Сұхбат беруді тоқтатамын. Шаршадым. Мен де адаммын. Осы уақыт бойы қоғамнан, белгілі ададмардан және БАҚ-тан қудалау көріп келе жатырмын. Бұл кітап - менің жауабым. Жұрт мені түсіне ме, жоқ па - бұл менің проблемам болмайды. Бұл соңғы сұхбат. Әлеуметтік желілерде парақшаларым бар, балаларым, отбасым, қызық жұмысым бар - мұның барлығы парақшамда болады. Бір жыл бойында мен сұхбат бермеймін", - деп уәде берді продюсер.
Сонымен қатар, Баян Есентаева сұхбатында кітабын Тайландта жазғанын айтты. Айтуынша, ол оқиғасын баяндаған кезде редакторлар жылапты. Ол кітап сатылымынан түскен қаражаттың барлығы тұрмыс зорлық-зомбылығынан зардап шеккен әйелдерді қорғайтын ұйымды дамытуға жұмсайтынын айтты.
Ол бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевпен қарым-қатынасында шу шықпағанын, тіпті дауыс көтерген жағдайлар кездеспегенін әңгімеледі. Ал өткен жылғы атышулы іс болғанда тіпті ата-анасы да мұндайдың болғанына өкініпті.
"Менің өмірім миллиондаған адам ойлайтындай керемет әрі бейқам емес. Мен де тірі адаммын, менің де жүйке талшықтарым әлдекімнің сөзінен, ісінен қатты соққы алуы мүмкін. Осы күнге дейін соғып келеді. Адамдардың ашуға, өшпенділікке, қызғанышқа жақын екеніне таңғаламын. (...) Адекват адам өзгеше ешқашан біреудің жүрегін жараламайды. Мені түсінсін деп айтып отырған жоқпын. Қалай екенін білмеймін, осының барлығынан демалғым келеді", - деді ол.