Өзбек әншісі Юлдуз Усманова бала ұстаған әйелді концерттен қуып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбек әншісі Юлдуз Усманова бала ұстаған әйелді концерттен қуып шықты

Өзбекстанның халық әртісі Юлдуз Усманова бала ұстаған әйелді концерттен қуып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CentralAsia порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанның халық әртісі Юлдуз Усманова бала ұстаған әйелді концерттен қуып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CentralAsia порталына сілтеме жасап. 

"Жылаған баланы қолыңызға алыңыз да мына жерден шығып кетіңіз, шығып кетіңіз... Жүйкеге тиіп бітті. Шығыңыз!", - деді Юлдуз Усманова залда отырған әйелге. 

Осы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланып, Өзбекстандағы Желі қолданушылары арасында резонанс тудырды. Көптеген адам әншіні айыптады, ол қайтадан "жұлдыз ауруына шалдыққан" деген пікірлер де айтылды. Басқалары әртістің әрекетін қолдады, осындай ата-аналар үшін концертке барудан қалғанын айтты. 

Бұл оқиға Юлдуз Усманованың қызы Нилуфар Усманованың жаңа альбомының тұсау-кесерінде болған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети