Продюсер Айқын мен Жұлдыздың "махаббаты" туралы айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Әнші Айқын Төлепбергеннің продюсері Ерік Тастамбеков "Гәкку" арнасындағы Тимур Балымбетов жүргізетін "Если честно..." бағдарламасында әнші мен КешYou тобының экс-солисі Жұлдыз Өмірғали көңіл жарастырды деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әнші Айқын Төлепбергеннің продюсері Ерік Тастамбеков "Гәкку" арнасындағы Тимур Балымбетов жүргізетін "Если честно..." бағдарламасында әнші мен КешYou тобының экс-солисі Жұлдыз Өмірғали көңіл жарастырды деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен онымен (Айқынмен - Авт.) осы тақырыпта әңгімелестім. Мен бұл жаңалықты тіпті одан емес, Баяннан естідім (Мақсатқызы- Авт.), сосын мен Айқынға телефон соқтым, ол телефонын көтермеді, кейін телефонды мен осы жаңалықты естіп қойғандықтан көтермегенін айтты. Баян маған: Сенің "балаларың" менің жобамды құртқаны үшін рақмет саған" - деді. Дәурен Айдарқұлов өте жақсы жігіт, құрметтеймін. Дәуреннің жағдайы түсінікті, ал Баян маған Айқын туралы айтып жатыр. Мен түсінбей қалдым. Білесіз бе, мен оларға баға бергім келмейді, жақсы немесе жаман демеймін. Бұл олардың сезімі, өз өмірлері, сондықтан өздері бұдан өтуі тиіс. Бұл жағдайда ненің дұрыс, ал ненің бұрыс екенін анықтап беретін ереже жоқ. Біреу дұрыс дейді, біреу бұрыс дейді. Айқынмен осы жайлы әңгімелестім, оған бұл жағдайдан ең болмағанда материалдық тұрғыда ешкім зардап шекпесін дегенді, жауапкершілікті ұмытпауы керектігін айттым", - деді Ерік Тастамбеков. 

Еске салайық, Айқын мен Жұлдыз Өмірғалидің қосылғаны жайлы қауесеттер қазнетте тарап кеткен видеодан кейін шыға бастаған. Биылғы мамырда Айқынның Жұлдызды ұзатып, көтеріп алып бара жатқан сәті түсірген видео жарияланған. Содан жұрт оларды көңіл қосты, отау тікті деп болжады. Алайда Айқынның өзі де, Жұлдыз Өмірғали де бұл мәселеде тіс жарып айтпады. "Біреудің жеке өміріне араласу дұрыс емес" деп қысқа қайырған еді әнші.

Ал таяуда ғана Жұлдыз Өмірғали екі әйел алуға қатысты пікірін айтқан болатын.  Айтуынша, біздің елде екі әйел алуды көпшілік қолдамайды. "Екі әйелді ала ма, алып үлгермей ме, ол жағын білмеймін. Әркімнің өз таңдауы болады. Екі әйел алу дегенде, біз араб елі емеспіз, мұсылман елі болсақ та, ондай бізде не приветствуется", - деген еді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro