Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас көптеген фанаттарының сұрақтарына жауап берді. Әншінің өнеріне табынушылар арасында әр түрлі қауесеттер тараған. Соның бірі Қайрат Нұртас пен оның жары - қарақалпақтар деген мәлімет. GAKKU TV телеарнасындағы Follow Wars бағдарламасында орындаушы Қарақалпақстанға еш қатысы жоғын ашып айтты.
"Менің руым - Жауғашты, Қоңырат. 1989 жылы Түркістан қаласында тудым. Қарақалпақтарға еш қатысым жоқ. Бірақ бір айтарым, жаман ұлт болмайды, жаман адам болады", - деді Нұртас.
"Мен таза қазақпын, бәлкім ... кәріс", - деп әзілдеді әнші.