Қайрат Нұртастың жары осы уақытқа дейін құпия өмір сүруге қалай шыдап келгенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Нұртастың жары осы уақытқа дейін құпия өмір сүруге қалай шыдап келгенін айтты © instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдукәрімова осы уақытқа дейін қалайша жасырын өмір сүргеніне шыдап келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдукәрімова осы уақытқа дейін қалайша жасырын өмір сүргеніне шыдап келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әбдукәрімова көбінде бала бағумен және қайырымдылықпен айналысқанын айтты.

Некеден кейінгі жеке өмірдің анық ұтымды тұсы - ережелерді ұстануға көмектеседі. Іші пысатын, ештеңемен айналыспайтын әйелдер көп жағдайда күйеуіне жұмыс кезінде хабарласып, мазасын алып, өмірінің қызықсыз екеніне шағымданып, күйеуінің бойынан кемшіліктерді іздейді немесе өзгертуге тырысады, себебі олардың бос уақыты көп және өзіне көңілі толмайды. Ал мансаппен, достармен қарым-қатынаспен, балаларды бағумен, киноға барумен қызықты кешкі курстармен немесе қайырымдылықпен айналыссаңыз - күйеуіңіздің мазасын көп ала бермейсіз. P.S. "Осы жылдар бойы қалай шыдап келдіңіз" деген сұраққа жауабым", - деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.


© instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Еске салайық, әншінің әйелі биыл ғана "Арман/Когда ангелы спят" картинасында басты рөлде ойнап, жұрт алдына тұңғыш рет шыққан болатын. Көпшілік алдында шыққанына бір ай өтпестен, әншінің әйелі Instagram желісінде өте танымал болды. Қазіргі таңда оның парақшасына 250 мыңнан аса адам жазылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети