Қазақстандық әзілкеш StandUp шоуының резиденті болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әзілкеш StandUp шоуының резиденті болды Нұрлан Сабыров. Кадр Rutube.ru видеоролигінен алынды

Қазақстандық комик Нұрлан Сабыров ресейлік ТНТ телеарнасындағы StandUp шоуының резиденті болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық комик Нұрлан Сабыров ресейлік ТНТ телеарнасындағы StandUp шоуының резиденті болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, StandUp шоуы ресейлік телевизияға 2013 жылы шықты. "Стендап" жанры бойынша комиктер көпшілік түсіне алатын мәселелерді айтып беруі тиіс. Барлық әңгіменің шынайы өмірмен  байланысы болуы керек. Шоудың тұрақты қатысушыларының құрамында КВН-нің бұрынғы ойыншылары мен Comedy Club-тың резиденттері: Юлия Ахмедова, Руслан Белый, Тимур Каргинов, Александр Шаляпин, Дмитрий Романов пен Слава Комиссаренко бар.

23 жастағы Нұрлан Сабыров ТНТ шоуына "Ашық микрофон" айдарының арқасында түскен, ол шақыртылған қонақ ретінде өнер көрсетті. Енді ол шоудың толыққанды резиденті атанды, тіпті Ресейдің бірнеше қаласында өнер көрсетіп те үлгерді. Қазақстандық әзілкештің ерекшелігі оның ерекше мимикасында, ол салмақты кейіпте қалжың айта біледі. Оның Қазақстан туралы, өзінің туған қаласы мен отбасы, әйелдер туралы айтқан қалжыңдары көрерменнің көңілінен шықты.

Нұрлан Сабыров - Қазақстан азаматы, бірақ қазір Екатеринбургтегі Орал Федералдық университетінде "Жастармен жұмысты ұйымдастыру" мамандығы бойынша білім алып жатыр. Ол мектеп жасынан бастап Қарағандының КВН құрама командасында өнер көрсетті, кейін Көкшетауға ауысты. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети