23 қазан 2015 | 15:31

Регина Вандышеваның "Әлем аруы-2015" байқауына арналған ресми суреттері пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Регина Вандышева. Жеке мұрағаттан алынған сурет Регина Вандышева. Жеке мұрағаттан алынған сурет

"Қазақстан аруы-2014" Регина Вандышеваның "Әлем аруы-2015" халықаралық байқауына арналған ресми суреттері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстан аруы-2014" Регина Вандышеваның "Әлем аруы-2015" халықаралық байқауына арналған ресми суреттері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Суреттерді фотограф Марета Келигова түсірген, олар енді "Әлем аруы" байқауының ресми сайтында пайда болады, ал ақтық сын 19 желтоқсанда Қытайда өтеді. Регина Вандышеваға кешке арналған көйлектерді белгілі Sherri Hill бренді ұсынды. Ару ол көйлектерді байқауда да киеді.

Қазіргі таңда Регина Вандышеваның күн тәртібі минутпен есептелген - спорт залындағы жаттығулар, дарындар байқауына арналған би дайындығы, сәлемдесу видеосының түсірілімдері, визаж және стиль курстары, жетекші ұлттық телеарналардағы ток-шоулар мен сұхбаттарға, сонымен қатар, Қазақстанның әлеуметтік және мәдени шараларына қатысу.

Регинаның айтуынша, оның байқауға деген дайындығы ойдағыдай және ол Қазақстанның намысын халықаралық байқауда тиісті деңгейде қорғап шығатынына сенімді. Дайындық жұмыстарында оған белгілі топ-модель әрі дизайнер Ирина Әшербекова көмектесіп жатыр, ол аруға күнделікті кеңес беріп, киімдерін таңдайды.

23 жастағы Регина Вандышева Алматыда туылған, кәсіби спортшы. Ол - жеңіл атлетикадан спорт шеберіне кандидат.

Айта кетейік, биыл "Қазақстан аруы-2015" байқауы 10 желтоқсанда Астанада өтеді. Бұл кезде Регина Вандышева Қытайда болады, сондықтан тәжді жаңа жеңімпазға табыстай алмайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тәжді жеңімпазға атақты спортшы, олимпиада чемпионы Александр Винокуров тапсырады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети