Рэпер Qarakesek тағы қамауға алынуы мүмкін - ІІМ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рэпер Qarakesek тағы қамауға алынуы мүмкін - ІІМ Фото: instagram.com/qarakesek_west

Полиция танымал рэп-орындаушы Qarakesek-ке қатысты есірткі сақтады деген күдікпен соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция танымал рэп-орындаушы Qarakesek-ке қатысты есірткі сақтады деген күдікпен соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, Омар Амантаев (Qarakesek) Ақтөбеде ұстағаннан кейін, әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сот оны көлікті мас күйде басқарғаны үшін кінәлі деп тапты. Амантаев 15 тәулікке қамауға алынды, сонымен қатар жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

"Есірткі заттарын сақтау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігі "Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ІІМ Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауап ретінде.

Егер музыкант есірткіні заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылса, оған 160 АЕК-ке дейін (2025 жылы - 629 120 теңге) айыппұл немесе 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не болмаса 40 тәулікке дейінгі қамау жазасы тағайындалуы мүмкін.

Бұған дейін рэпердің тек әкімшілік қамауға алынғаны хабарланған болатын. Есірткі сақтау дерегі бойынша қылмыстық іс жөнінде полиция айтпаған еді.

Еске салайық, қыркүйектің басында Ақтөбе полициясы 31 жастағы рэп-орындаушыны есірткіге масаң күйде ұстаған болатын. Одан ұнтақ тәрізді заты бар зип-пакет табылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Polisia AQTOBE (@polisia_aqtobe)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети