01 мамыр 2015 | 13:01

Ринат Малсақов продюсерлік орталық жобасының біріне айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ринат Малсақов. © season.kz Ринат Малсақов. © season.kz

Ринат Малсақов жаңа продюсерлік орталық жобасының біріне айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Zhandaus продюсерлік орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Ринат Малсақов жаңа продюсерлік орталық жобасының біріне айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Zhandaus продюсерлік орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 сәуірде Astana muzic hall сарайында астаналық өнер жұлдыздары мен кәсіби музыканттарға арналған алғашқы Zhandaus продюсерлік орталығы ашылды. Бұл орталықтың негізгі мақсаты - өнер жолында бұрыннан жүргенмен, насихат жетіспейтін әншілер мен елордалық жас орындаушылардың шығармашылығын елге кеңінен таныту. Аталған орталық құрамына қазір алты жоба кіреді:

Ринат Малсақов - әнсүйер қауымға Superstar.kz жобасы арқылы танылып, "Перцы" тобының құрамында өнер көрсеткен. Бүгінде астаналық жеке орындаушы ретінде сахнаға шығып жүр. 

"Қамарсұлу" - негізінен халық және халық композиторларының әндерін орындайды. Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар әнші Жазира Байырбекованың туған әпкесі.

Smoky Eyes - Астаналық girls band. Қазіргі қазақ эстрадасындағы жалғыз квинтет. Топ құрамы: Вероника Жанғалова, Әсел Ташарова, Әсел Бертаева, Карина Садықова, Диляра Темірбекова.

Сара Исак - түрлі жанрда, бірнеше тілде ән шырқайды. Стамбұлда білім алған, он жыл Түркияда тұрған.

"Сұлтаным" дуэті - қазақ эстрадасында бұрын-соңды болмаған дуэт. Ақерке, Назерке есімді егіз қыздардан құралған топ.
Нина – саксофонда өзі ойнап, әнді өзі орындайтын бойжеткен. Репертуары негізінен қазақ тіліндегі туындылардан тұратын орыс қызы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети