Қазақстандық RinGo тобының солисі Батыр Байназаров үйленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның жары - Ayumi тобындағы Әсел Жамақаева.
Қазақстандық RinGo тобының солисі Батыр Байназаров үйленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның жары - Ayumi тобындағы Әсел Жамақаева.
15 сәуірде Ұзату той Семей қаласында өтті. Салтанатты шараның суреттерін Instagram желісінде әншінің достары мен әріптестері жариялады. Тойда продюсер Алуа Қонарова, Ayumi және RinGo тобының мүшелер, әнші Мақпал Исабекова, Әли Оқапов және басқалары болды.
RinGo және Ayumi топтары RinGo World продюсерлік орталығына кіреді. 2017 жылы қазанда Алуа Қонарова Ayumi тобын таратты, алайда сол топтағы қыздар продюсерлік орталықта қала береді. Қзаіргі уақытта олар топ құрамында өнер көрсетіп жүр.