Сәби күтіп жүрген немесе жақында ана атанған жұлдыздар кімдер?

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Отандық өнер жұлдыздары мен танымалдар арасында сәби күтіп жүргендер және жақында ана атанғандар да бар. Tengrinews.kz тілшісі бұл қатарда кімдер бар екеніне шолу жасап көрді. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Отандық өнер жұлдыздары мен танымалдар арасында сәби күтіп жүргендер және жақында ана атанғандар да бар. Tengrinews.kz тілшісі бұл қатарда кімдер бар екеніне шолу жасап көрді. 

Белгілі әнші Мақпал Исабекова 1 апта бұрын желіде халықтан сүйінші сұраған еді. Ол сүйген адамынан 1 жыл бұрын ұсыныс алғанын, араға 1 жыл салып, сәби күтіп жүргенін айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Исабекова Макпал (@makosyai)

Ал әнші, актриса, Салтанат Бақаева 26 қаңтарда төртінші перзентін дүниеге әкелді. Ол өзін енді "многодетная мамаша" деп атауға болатынын айтып, жазба жариялады. Сондай-ақ, сәбиіне Әбдімәлік Әрсен Нұржанұлы деген есім бергенін, бұл таңдауды оның жұбайы жасағанын жеткізді.

Әнші перзентханадан шығарып алу сәтін де шағын ғана тойлауды жөн көргенін айтты. 

"Әйелдің қырық жаны бар! Қаншалықты дөп айтылған сөздер! Ең қиын сәттерде, күтпеген жерден ерекше күш-жігерің оянып, бүкіл әлем сол күштің астында жеңілгендей! Әйел - жеңімпаз! Өйткені ол тағы бір періштеге өмір сыйлады", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Салтанат Бақаева (@saltanat_bakayeva)

Белгілі әртістер Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанованың қызы, өзі де актриса ретінде танылған Айым Сейтметова 23 қарашада қуанышты жаңалығын бөлісті. Оның айтуынша, "жүктілік ауру емес", керісінше бұл - токсикозға, ауырсынуға, көңіл күй өзгергеніне қарамастан керемет кезең.

"Иә, көпшілігіне бұл жаңалық емес. Жақында ата-ана атанамыз. Әрі қарай жасырудың еш мәнін көріп тұрған жоқпын. Аааа! Әлі сене алар емеспін. Енді аналарға арналған контент басталады!" - деді ол желідегі жазбасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айым Сейтметова (@aiymsm

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Джуринская Жания Алихановна (@djurinskaya)

Белгілі актриса Жания Джуринская да 9 желтоқсанда "сүйікті адамынан сәби күту - қандай бақыт" деп жазған еді.

"Сені күтеміз, жарық күніміз, жүрегім менің", - деді желідегі жазбасында.

Ал Сәбит Әбдіхалықовтың жары Динара Абдуллина да жақында екінші перзентін дүниеге әкелді. Олар тұңғыштары Хақ-Назардан кейін ұлдарына Абадан деген есім берген.

"Абадан (Абдан) жаугершілік кезде қол бастайтын мықты тұлған. Шамасы абадан, абдан, абдана деп аталатын қасқырдың үйірін бастайтын көкжалға теңеу ретінде қалыптасқан болуы керек. Ақын, жыраулар шығармаларында жауға атойлап шабатын ержүрек қолбасшыны Абаданға теңеген", - деп түсіндірді актриса.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro