"Сахнаға ішімдік ішіп шықтым". Nurik Smit халықтан кешірім сұрады

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сахнаға ішімдік ішіп шықтым". Nurik Smit халықтан кешірім сұрады Видеодан алынған кадрлар

Nurik Smit лақап атымен танымал әнші Нұрғиса Әнуарбеков Ақтөбедегі концертінде көрсеткен бейәдеп қылығы мен сөзі үшін халықтан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Nurik Smit лақап атымен танымал әнші Нұрғиса Әнуарбеков Ақтөбедегі концертінде көрсеткен бейәдеп қылығы мен сөзі үшін халықтан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші сахнаға ішімдік ішіп шыққанын мойындады.

"Менің есімім Нұрғиса. Мен қазіргі уақытта Ақтөбе тұрғындарынан және барша Қазақ елінен кешірім сұрағым келеді. Мен сахнаға ішімдік ішіп алып шыққаным үшін және сахнаға шығып балағат сөздер айтқаным үшін, өзімді дұрыс ұстамағаным үшін кешірім сұраймын. Мұндай іс екінші қайталанбайды, сіздерге сөз беремін.

Бәріміз пендеміз, бәріміз қателесеміз, бәріміз қателесіп өсеміз. Көп-көп рақмет", - деді әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nurik Smit (@resmismit)

Еске салайық, әлеуметтік желілер Nurik Smit-тің Ақтөбедегі концертінен үзінділер тараған еді. Онда орындаушы концертіне келген аруға көзі түскенін айтып, оны жігіттерге көтергізеді. Сахнада бейәдеп қылық көрсеткен оны Желі қолданушылары сынап жатыр. Өнер иелері мен танымал блогерлер де пікір білдіріп, сахнаны қорламауға шақырды

@diimvn @resmismit0 #рекомендации #рек #концерт #нуриксмит #такнадо ♬ Kim Kimnyn - Nurik Smit
@chern11ga

Нурик смит

♬ оригинальный звук - Черный

Nurik Smit жастар арасында Q-pop жанрына өнер көрсеткен қазақстандық Newton тобының қатарында таныла бастаған. Алайда 2019 жылы ол топтан шығып кеткендігін мəлімдеді. Кейіннен топ та жұмысын тоқтатты. Содан бері Smit жеке ән жазады. Оның "Бальзам", "Менің қызым", "Маяк" сынды танымал әндері бар.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети