02 қараша 2016 | 22:45

Сәкен Майғазиев NINETY ONE тобын қолдаудың тоғыз себебін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Сәкен Майғазиев атышулы бойзбенд NINETY ONE тобын қолдаудың тоғыз себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Әнші Сәкен Майғазиев атышулы бойзбенд NINETY ONE тобын қолдаудың тоғыз себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әншінің топ жайлы пікірі Instagram желісіндегі 91_world парақшасында жарияланды. Майғазиевтің айтуынша, әртіске қастандық жасаудың қажеті жоқ. "(...) Сұранысы болмаған актерлер күйзеліске түсіп кетеді. Менің айтқым келгені, жігіттер сонша боянып-таранып барған кезде оны ешкім қабылдамай қойса обал. Мен ол бауырларымды жақсы көремін", - деді әнші.

Сондай-ақ, Сәкен Майғазиев NINETY ONE тобының жақсы қасиеттері көп екенін айта келіп, олар туралы тоғыз пікірден тұратын пост жазғанын айтып өтті. "Бірінші, ана тілінде ғана сөйлеп, сұхбат беріп, ән шырқап, қазақ тілін дәріптеп жүрген талантты жігіттер. Екінші, өз бағытының шебер орындаушылары. Үшінші, өте жақсы вокалистер, диапазондары кең, милизматиканы мықты меңгерген, тембрлері тамаша, тағысын тағы. Төртінші, керемет рэп орындаушылары. Рэп - ритмикалық америкалық поэзия. Ал бізде бұл айтыс, жыр, суырып-салма өнері", - деп санамалады әртіс.

Ал бесінші себебі деп Майғазиев жігіттердің сабырлы әрі байсалды қасиеттерін атады. "Оларға бағыттап, балағаттап, бейпіл сөздер айтылса да, боқтай білмейтін байсалды балалар. Мен өнер адамы болғаннан кейін оларды зерттедім, қарадым. Олар психология тұрғысында қандай да сынға дайын болды. Алтыншы, олар - еңбекқор. Кәсіби сахнаға шығу жолында екі жыл дайындалды. Жетінші, сахналық би қимылдары кәсіби, синхронды қимылдайды, сахнадағы еркіндігі өте керемет. Сахнадағы жұмысын Интернеттен тамашаладым. Өзім ұстаз болғаннан кейін аттандай бермей, қарап көрейін, зерттейін дедім. Сегізіншісі, Қазақстан эстрадасында үлкен пікірталас, сын-ескертулер, дау туғызған, былайша айтқанда "Атың шықпаса, жер өрте" деген мысалына "амал" жасап жүрген алғашқы топ", - деді Сәкен Майғазиев. 

Ал соңғы, тоғызыншы қасиеті деп әнші топтың қайырымдылықпен үнемі айналысатынын айтып, өз ойын осылайша қорытындылады.

Бұдан кейін әнші топ жайлы үш рет қана сұхбат бергенін мәлімдеді. Алайда, айтуынша, журналистер оның NINETY ONE тобы туралы киіміне қатысты сөзін ғана жариялайды екен. Ал топтың қазақ тілін насихаттап жүргені, сонымен қатар, дарынды жігіттер екендігі жайлы сөзі қиылып қала беретін көрінеді.

Айта кетейік, осыған дейін NINETY ONE тобының концертіне Шымкентте, Қызылордада, Қарағандыда, Жезқазғанда кейбір тыңдармандар наразы болған. Осылайша, бұл қалаларда топтың концерті өтпей қалып, соңы дауға ұласқан еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети