Сәкен Майғазиев бейнебаяндағы жаңылысқан дауыстар жөнінде түсінік берді

26 Ақпан 2015, 18:48
2
Сәкен Майғазиев бейнебаяндағы жаңылысқан дауыстар жөнінде түсінік берді - ©Бейнебаяннан алынған скриншот
©Бейнебаяннан алынған скриншот
Сәкен Майғазиев бейнебаяндағы жаңылысқан дауыстар жөнінде түсінік берді - ©Бейнебаяннан алынған скриншот
©Бейнебаяннан алынған скриншот

"МузАРТ" тобының "Жеңешем" әніне түсірілген жаңа бейнебаянында топ мүшелерінің дауыстары әдейі ауыстырылған болып шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне топтың мүшесі Сәкен Майғазиев хабарлады. Айта кетейік, бұған дейін кейбір ақпарат құралдары жаңа бейнебаянда орындаушылардың дауыстары ауысып кеткенін хабарлаған еді.

Әншінің айтуынша, бұл әзіл болсын деп әдейі жасалған, бейнебаянның өзі де қалжыңға толы. "Әзілмен әдейі жасағанымыз рас, әйтпесе, Мейрамбектің дауысын танымайтын қазақ жоқ. Кенжебектің де дауысы ерекше. Біз бұл идеяны бұрыннан айтып жүрген едік. Осыны, тіпті, Ұлықпан Жолдасовтан да сұрасаңыздар болады. Біз сол кісімен ақылдасқан едік", - деді орындаушы.

Майғазиевтің айтуынша, бейнебаянның мұндай түсінбестік туғызғаны дұрыс болған, себебі Ресей шоу-бизнесінде мұндай әдістерді әдейі жасайды. "Шоу-бизнесте ақшасын беріп те мұндай PR қадам жасай алмайсың. Дәл осылай пікір туып, талқыланып жатса, мен оған қуанамын", - деді әнші. Айта кетейік, "Жеңешем" әнінің сөзін ақын Қалқаман Сарин, ал әнін Арман Бексұлтан жазған.

Еске сала кетейік, бұған дейін "МузАРТ" тобының екі бейнебаяны жарыққа шығатыны хабарланған болатын. Бейнебаянға "Шаншар", "Алдараспан", "Аққу мен гәкку" сияқты әзіл-сықақ театрларының актерлері түсті. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай