Салық дауы: Қазақстандық жұлдыздар мәселеге қатысты түсінік берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© 1tv.kz © 1tv.kz

Табыс көзін жасырды деген күдікке ілінген қазақстандық жұлдыздар мәселеге қатысты түсінік берді. Бұл туралы олар КТК телеарнасының тілшілеріне айтып берді. Айта кетейік, кеше Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлемейтін жұлдыздардың тізімін жасаған еді. Тізімде Асхат Тарғынов, Әлішер Кәрімов, Дильназ Ахмадиева, Бақтияр Мәмедов (Jah Khalib), Әли Оқапов, Серік Ибрагимов, Мақпал Исабекова, Луина, Бүркіт пен Жанар Дұғалова бар. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Табыс көзін жасырды деген күдікке ілінген қазақстандық жұлдыздар мәселеге қатысты түсінік берді. Бұл туралы олар КТК телеарнасының тілшілеріне айтып берді. Айта кетейік, кеше Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлемейтін жұлдыздардың тізімін жасаған еді. Тізімде Асхат Тарғынов, Әлішер Кәрімов, Дильназ Ахмадиева, Бақтияр Мәмедов (Jah Khalib), Әли Оқапов, Серік Ибрагимов, Мақпал Исабекова, Луина, Бүркіт пен Жанар Дұғалова бар. 

Мәселен, 2015 жылы жылдық табысы орта есеппен 11 миллион долларды құраған (шамамен 180 миллион теңге) Бүркіттің айтуынша, ол таңғалысын жасырмады. "Мен осылай ақша табатын болсам, бірнеше пәтерім болар еді. Біз ән айтып, ақша таппаймыз деп кім айтты! Біз ән айтып, ақша табамыз, бірақ мұндай сомада табыс таппаймыз", - дейді Бүркіт.

Ал өткен жылы 51 миллион тапты делінген Әли Оқапов мемлекеттік қазынаға бірде-бір тиын төлемеген делінеді. 108 миллион теңге табыс көрген Дильназ Ахмадиеваның әкімшісі болса оның салықтарды төлеп тұратынын айтыпты.  

Сонымен қатар Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Еділ Әзімшайық продюсер Баян Есентаева мен әнші Қайрат Нұртастың салық төлеген-төлемегенін анықтау үстінде екенін хабарлады. Сондықтан, оның айтуынша, тізімде жоқ әртістерге де тексерудің жүріп жатқанын ескертіп отыр. (Дереккөз: КТК)

Ал "Астана" телеарнасының тілшілеріне әнші Әли Оқапов бұл мәселе жайында жақ ашпауды ұйғарыпты. "Салық туралы комментарий бергім келмейді. Бүгін маған қоңырау шалған журналист қалмаған шығар. Ештеңе айта алмаймын", - деді ол. Дәл осылай Мақпал Исабекова да жауаптан бас тартып отыр екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro