Салық төлемейтін қазақстандық жұлдыздар

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Rabstol.net © Rabstol.net

Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлемейтін жұлдыздардың тізімін жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлемейтін жұлдыздардың тізімін жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

МКД мәліметінше, тізімде Асхат Тарғынов, Әлішер Кәрімов, Дильназ Ахмадиева, Бақтияр Мәмедов (Jah Khalib), Әли Оқапов, Серік Ибрагимов пен Жанар Дұғалова бар. "Яғни, олар үлкен табыс табатындарына қарамастан, салық төлемеген", - делінген хабарламада. Салық органдарының қызметкерлері жұлдыздардың кірісі туралы ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтерге сүйеніп, осындай қорытындыға келді.

"Алматыда жұлдыздардан жеке кәсіпкер ретінде тек екі адам тіркелген екен - әнші Қарынбаева Луиза (Луина) мен Мақпал Исабекова. Дегенмен олар жеке кәсіпкер ретінде салық төлемеген. Қалғандары тіпті Алматыда да, не басқа қалаларда да жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Біз олармен сөйлестік, олар ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтермен келіспейтінін айтып отыр. Олардың айтуынша, ешқандай табыс таппайды. Оны бізбен хабарласқан жұлдыздардың барлығы айтты. Ал Әнші Асхат Тарғынов тойлар мен мерекелік шараларда тегін ән орындайтынын жеткізді", - деді Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Еділ Әзімшайық.

Айта кетейік, осыған дейін Forbes Kazakhstan басылымы Қазақстанның үздік 30 шоу-бизнес пен спорт жұлдыздарының тізімін жариялаған болатын. Тізімге сәйкес, әнші Дильназ Ахмадиеваның 2015 жылы жылдық табысы шамамен 600 мың долларды құрады, ал әнші Асхат Тарғынов 2014 жылдың қазан айынан 2015 жылдың қазан айына дейін 960 мың доллар табыс тапса, Әлішер Кәрімовтің табысы 750 мың долларға жеткен.

"Мемлекеттік кірістер органдары ашық дереккөздерде жарияланатын ақпараттарды үнемі бақылап отырады. Солардың бірі талқылауға болатын Forbes.kz журналындағы шоу-бизнес жұлдыздарының рейтингі туралы мәлімет болды. Нәтижесінде, кейбір шоу-бизнес жұлдыздарының өздерінің жоғары табысына қарамастан (Forbes басылымының мәліметінше) ақшасын салық төлеуге емес, қымбат заттар алуға жұмсайтыны анықталды", - деді ведомтводағылар.

"Forbes.kz басылымының мәліметінше, әнші Бүркіттің 2015 жылы жылдық табысы орта есеппен 11 миллион долларды құраған (шамамен 180 миллион теңге). Дегенмен ол жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, сондықтан ол қызметі үшін салық та төлемеген", - деді Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментіндегілер. Айта кетейік, шоу-бизнес саласындағыларды (продюсерлік қызмет, дыбыс жазу, клип түсіру) құлақтандыру жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, Мемлекеттік қазынаға спортшы Геннадий Головкиннің 10 миллион теңге, шоумен Дәуіт Шайхисламовтың 2,2 миллион теңге және тележүргізуші Динара Сәтжанның 1,6 миллион теңге көлемінде салық төлегені анықталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro