"Самая вышка" плагиат па? Әнді орындаушылар пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Самая вышка" плагиат па? Әнді орындаушылар пікір білдірді Видеодан алынған кадр

"Самая вышка" әнімен танымал болған Raim & Artur тобының орындаушысы плагиат делінген дауға қатысты пікір білдірді. Артур Давлетьяров Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында авторлық құқық сақталғанын айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Самая вышка" әнімен танымал болған Raim & Artur тобының орындаушысы плагиат делінген дауға қатысты пікір білдірді. Артур Давлетьяров Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында авторлық құқық сақталғанын айтты.

Осыған дейін продюсер Нұртас Адамбай Instagram желісіндегі парақшасында оның "Я - жених" фильміне саундтрек болған "Самая вышка" әнінің түпнұсқа емес екенін жазған болатын.

"Самая вышка" әні - плагиат. Біз клип түсірер алдында жігіттерен авторлық құқық жайлы сұрадық. Олар барлығы дұрыс екенін айтты. Жақында YouTube хостингінде "Нұртас Адамбай нені жасырып жүр?" деген атаумен жазылған видеоны көріп қалдым. Содан жігіттердің бірнеше нотаны өзгерткенін түсіндім. Осы әнді жазған кезде қалай қуанғаным есімде. Осылай болғаны өкінішті", - деп жазған еді продюсер.

Алайда Давлетьяров авторлық құқықтың оған және оның әріптесі Райымға тиесілі екенін айтады. 

"Самая вышка" әнінің авторлық құқығы сақталған. Плагиаттан өттік. Мәтін және мотивті - өзіміз жазып шығардық", - дейді орындаушы.

"Біз Нұртас Адамбайды ескерттік. Бізде "Самая вышка" әнінің екі нұсқасы бар ғой. Біреуі ескілеу, ол 2017 жылы шықты. Біз "Нұртас аға. Бізде ән бар, бірақ оның авторлық құқығы сақталмаған. Әннің минусы, аранжировкасы Youtube.com хостингінен алынған. Олардың авторларымен байланысқа шығып, оны сатып алуға болады. Бірақ авторлар жауап бермеді. Содан біз әннің минусын өзгеріп, басқа аспаппен орындап, әннің қайырмасын қайта жасап шықтық. Осы әнге құқымыз бар" деген болатынбыз", - дейді Артур Давлетьяров.

Сондай-ақ, әнші клипті өз қаражаттарына түсіргендерін айтып өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети