Серікбол Сайлаубектің концертінде өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серікбол Сайлаубектің концертінде өрт шықты © baistars.kz

Халыққа тегін өнер көрсетіп жүрген әнші Серікбол Сайлаубектің Есік қаласында берген концертінде өрт шықты, - деп хабарлайды Вaistars.kz әншінің PR-менеджері Ринат Тәттібайға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халыққа тегін өнер көрсетіп жүрген әнші Серікбол Сайлаубектің Есік қаласында берген концертінде өрт шықты, - деп хабарлайды Вaistars.kz әншінің PR-менеджері Ринат Тәттібайға сілтеме жасап.

Тәттібайдың айтуынша, өрт отшашудың кесірінен шыққан.

"Серікбол 24 шілде күні Есік қаласының орталық алаңында тегін концерт берген болатын. Оның әрбір кешінен соң міндетті түрде отшашу атылады. Сол күні отшашу дұрыс атылмай, алаң жанындағы бір үйдің шөп жиналған қорасына түсіп кетіп, өрт шыққан. Бірақ барлығы дер кезінде өшіріп үлгерді. Алла сақтап, зардап шеккен адам жоқ", - дейді ол.

Отшашуға Серікболдың Шыңғыс деген інісі жауапты болыпты. Үй иесі түсініп, ұйымдастырушыларды кешірді.

"Осы оқиғадан кейін Серікбол қатты қорқып қалғанын және кеш берудің оңай емес екенін айтып отыр. Бұл оның гастрольдік сапар кезіндегі екінші сәтсіз оқиғасы болды. Осының алдында Топар ауылында болған концерттен кейін әріптестері ұмытып кетіп, түнде 30 шақырым жерді жаяу жүруіне тура келді. Олар әрбір кештен соң уақыттың тығыздығына байланысты асығып, тездетіп шығуға тырысады", - деді Тәттібай.

Оның сөзіне қарағанда, әнші мұндай жағдайлардың болуына қарамастан жылдың соңына дейін елімізді аралап шығуды жоспарлап отыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети