09 қазан 2017 | 19:43

Шоумен Дәурен Айдарқұловтың бұрынғы әйелі мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/aaa_bayan © instagram.com/aaa_bayan

Шоумен Дәурен Айдарқұловтың бұрынғы әйелі Баян Әкімжанова мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды.


Иконка комментария блок соц сети

Шоумен Дәурен Айдарқұловтың бұрынғы әйелі Баян Әкімжанова мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды.

"Таяуда пікір жазу функциясын алып тастадым, кешірім сұраймын. Иә, пікірлерде ниет білдіріп жатқандар көп, бірақ менің бұрынғы күйеуім жайлы дөрекі сөз жазатындар да бар. Ол өте жақсы адам, сезімтал, рақымды адам, балаларын жақсы көретін тамаша әке және олардың алдында жауапты. Оның және біздің басымыздан өткеніміз тағдыр. Әркімнің өз таңдауы болды, мен өз таңдауымды жасадым, енді бұл жайлы неге жазып отырғаныма келсек. Пікірлерді алып тастағаннан кейін директке жазып жатқандар көбейіп кетті. Сондықтан жиі қойылатын сұрақтарға жауап берейін дедім", - деп жазды шоуменнің әйелі.

Оған қойылатын көп сұрақ - "Сіздер қайта қосылдыңыздар ма?" екен. "Жоқ, біз ресми түрде ажырастық және ол менімен шариғат бойынша ажырасты", - деп жауап берді Баян Әкімжанова.

"Екінші сұрақ қазіргі уақытта онымен және оның ата-анасымен қандай жағдайда екеніміз жайлы. Тамаша жағдайдамыз. Олар тоғыз жылдан бері менің ата-анам болды, соңына дейін солай болып қалады да. Өзімен жақсы доспыз. Үш баланы асырап отырмыз және қарым-қатынасымыз жаман болса бұл тек балаларға зиянын тигізеді. Мен отбасыны сақтап қалуға тырыстым, балалар толық емес отбасының күйін кешпесін деп бар амалды жасап көрдім", - дейді Айдарқұловтың бұрынғы әйелі. 


© instagram.com/aaa_bayan

Ең жиі қойылатын сұрақтардың тағы бірі "Бұрынғы күйеуіңізді кешіресіз бе?" екен. Келіншек кешірім бермейтінін айтып отыр. "Әркімнің де таңдауы бар, мен өз таңдауымды жасадым. Мен оны кешірсем де, ішімде ыза-кек жоқ, бірақ бос кеңістік қалып қойды. Осы таңдауды жасағаннан кейін қайта қосылуға ниет жоқ. Ал соңғы сұрақ - "Жан-тәніңмен жақсы көрген адамыңды қалайша жіберуге болады?". Бұл сұраққа менің жауабым: өткен өмірді қазіргімен салыстырып көріңіздер. Бұрын мен тіршілік еткенмін, ал қазір өмір сүріп жатырмын. Бәріңізге де татулық пен жақсылық тілеймін", - деп қорытындылады ол өз сөзін.

Еске салайық, Дәурен Айдарқұлов Баян Әкімжановамен ажырасқаннан кейін белгілі актриса әрі әнші Ақбота-Нұр Сейітмағанбетпен үйленген еді. Жұптың баласы өткен жылы дүниеге келген. Ал биыл Ақбота-Нұр Сейітмағанбет Дәурен Айдарқұловпен ажырасқанан мәлімдеген болатын. Ал таяуда Ақбота-Нұр Сейітмағанбет пен Дәурен Айдарқұловтың кафеде бірге тамақтанып отырғанын білген жұрт жұптың қайта татуласқанын болжаған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети