ПОДЕЛИТЬСЯ
10 маусым 2022 | 10:49
"Сотқа берді" деген сөз жоқ". Біржан Хасанғалиев қауесетке пікір білдірді
Әнші, композитор Ескендір Хасанғалиевтің 1970-жылдары жазылған "Бозторғайым" әнін Qanay лақапатымен танылған әнші Нұрболат Қанай қайта жаңғыртып, видео түсірген еді. Осы әннің рұқсатсыз орындалуына қатысты БАҚ пен Желіде түрлі алыпқашпа ақпарат тарап жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан Хасанғалиев пен әнші Qanay-дың өкіліне хабарласып, осы мәселе туралы сұрады.

"Мен енді жауап бермеймін. Ешқандай пікір оқымаймын. Жұмыс бабына байланысты оқуға уақытым жоқ. Маған байланысты жаман сөз жазып жатқандар cұхбатты дұрыстап оқыса, онда "сотқа берді" деген сөз жоқ. Дұрыстап, менің сөзіме сүйеніп оқыса, таба аласыз. Дұрыстап оқыса, бәрі жазылып тұр, - деді Біржан Хасанғалиев.
Ал Qanay-дың өкілі келісім жүргізіліп жатқанын айтты.
"Ол кісімен қазір келісім жүргізіліп жатыр", - деді әншінің өкілі.
Кейінірек әнші әзірге бұл жағдайға қатысты пікір білдірмейтінін айтты.
Еске салайық, бұған дейін Qanay әскерге кетіп оралмаған сарбаздарға ән арнағаны хабарланған болатын.
Qanay-дың орындауындағы "Бозторғайым" жұрттың жүрегін елжіреткен болатын.
"Жаным-ау жаным нағашы апаларының аппақ жиені. Бақұл бол!", "Көзден жас тамды", "Әттеген-ай, өкінішті өте", "Айналайын інім, бауырым, сонша жылаттың ғой мына әніңмен. Ғұмырың ұзақ болсын", "Тек биіктерден көріне бер. Айтарға сөз жоқ", "Қандай керемет! Жүрегің елжіреп кетеді", - деген еді қазақстандықтар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также