05 мамыр 2022 | 15:46

"Сонша жылаттың ғой". Әнші Qanay әскерге кетіп оралмаған сарбаздарға ән арнады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Qanay лақапатымен танымал әнші Нұрболат Қанай әскерге кетіп оралмаған сарбаздарға ән арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Qanay лақапатымен танымал әнші Нұрболат Қанай әскерге кетіп оралмаған сарбаздарға ән арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол қазақстандық әнші-композитор Ескендір Хaсaнғaлиевтің "Бозторғайым" әнін қайта жаңғыртып, видео түсірді. Ән фонында әскерге кетіп, бірнеше күннен соң қайтыс болған маңғыстаулық сарбаз Әлібек Қалбай туралы жаңалықтар көрсетіледі.

Qanay-дың орындауындағы "Бозторғайым" жұрттың жүрегін елжіретті. 

"Жаным-ау жаным нағашы апаларының аппақ жиені. Бақұл бол!", "Көзден жас тамды", "Әттеген-ай, өкінішті өте", "Айналайын інім, бауырым, сонша жылаттың ғой мына әніңмен. Ғұмырың ұзақ болсын", "Тек биіктерден көріне бер. Айтарға сөз жоқ", "Қандай керемет! Жүрегің елжіреп кетеді", - дейді қазақстандықтар.

"Бозторғайым" әні жетпісінші жылдары жазылған. Ескендір Хасанғалиев естеліктерінде, бозторғай - жыл құсы емес, ол қанша қиын болса да, туған жерінде қыстайтын сирек құстардың бірі деген екен.

"Бұл - өз жерінде өзінің ана тілінде сөйлей алмайтын халқым үшін жанымның назын сипаттайтын ән", - деп келтерді композитордың сөзін "Белгісіз Қазақстан" блогының авторы Диас Камериданов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Диас Камериданов (@unknownkazak)

Еске салайық, сәуірдің соңында маңғыстаулық сарбаз әскерге шақырылғанына бірнеше күннен соң қайтыс болды. Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылының 18 жастағы тұрғына Әлібек Қалбай 13 сәуірде Жамбыл облысы Қордай ауылына әскери борышын өтеуге барған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети