Қазақстандық "Спарта" командасының капитаны Данияр Жұмаділов жоғары лиганың финалы алдында оларға қолдаудың көрсетілмей отырғанына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық "Спарта" командасының капитаны Данияр Жұмаділов жоғары лиганың финалы алдында оларға қолдаудың көрсетілмей отырғанына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бізге қолдау көрсеткілері келмейді. Әйтеуір әрең дегенде қаржы бөліп, қолдау білдіріп жатыр. Не дегенмен де қазір біз Қазақстанның атынан қатысып жатқан жалғыз командамыз ғой. Бізге демеушінің көмегі керек. Біз мұнымен соңғы рет өнер көрсетпейміз, әлі чемпион атануымыз қажет. Егер де қазір бізге қолдау көрсетілсе, біз жеңіске жетіп, чемпион атанамыз. Ұлтымыздың атын шығарамыз. Біз жеңіске жетеміз деп сенеміз", - деді команда капитаны Данияр.
Айта кетейік, командалар арасындағы жоғары лиганың финалы 23 желтоқсанда өтеді. Финалда бес команда кездеседі: "Азия Mix" (Қырғызстан), Мурманск қаласының құрамасы, "Радио Свобода" (Ярославль), Мәскеу үлкен циркінің құрамасы мен "Спарта" командасы. Қазіргі уақытта команда белсенді түрде дайындалып жатыр.
"Спарта" КВН командасы 2014 жылы жоғары лигада өнер көрсеткен болатын. Ал 2015 жыл олар үшін ең сәтті жыл болды. Қазылар алқасы оларға Светлогорскіде өтетін жазғы фестивальға қатысуға мүмкіндік берген еді. Осылайша 2016 жылы "Спарта" командасы екінші рет финалға шығып отыр.
"Біз қарапайым жігіттерміз. Бала кезімізден бірге өстік. Мектепте жүргенде КВН-да өнер көрсете бастадық. Бір-бірімізді көзбен-ақ түсінеміз. Бұл командалық ойын. Сондықтан да біз барлығын бірге жасаймыз. Бірге тамақтанамыз, бір уақытта ұйықтап, бір уақытта тұрамыз. Таксиге ақша болмай қалса, жаяу жүре береміз. Қалтамызда ақшамыз болмаған сәттер де болды. Алайда достықтын арқасында біз барлық қиындықты бірге өткердік. Бізде "мен" деген сөз жоқ, керісінше "біз" деген сөз бар", - деді "Спарта" командасының капитаны Данияр Жұмаділов.