Таяуда ғана үш қыздан құралған NOVA тобы "Тает лед" хитін домбырамен және қобызбен орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Таяуда ғана үш қыздан құралған NOVA тобы "Тает лед" хитін домбырамен және қобызбен орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Топтың продюсері әрі менеджері Мақсат Хасановтың айтуынша, "Тает лед" әнінен бастау себебі вирус әндердің негізгі нұсқасынан да әдемі шығатынын көрсетіп, өзінің де ерекшелігін көрсету екен. Топтың мүшелері - Мөлдір Аxасова (вокал) "Қазақстан дауысы" финалисі, ал қобызда ойнайтын Жансая Зарқынбекова Қазақ ұлттық консерваториясының студенті, ал домбырада Айгерім Жайлығұлова ойнайды.
"Бұл - аспаптық ерекшеліктермен орындайтын кавер топ. Авторлық әндерді де жасап жатырмыз. Топ жақында құрылды, музыкалық продюсері - Ернар Смағұлов. Топ басында бэнд болып құрылған, бэндте 6 адам болған, сол бэндпен mcDoncha-ның "Слезы текли" на лево и на право" деген хит әнін орындап, Instagram желісінде айтарлықтай танымал болған", - дейді Мақсат Хасанов.
Айта кетейік, "Тает лед" бейнебаянын "Грибы" деп аталатын украиналық топ 10 наурызда шығарған. Рэп ән үш апта ішінде 32 миллион рет қаралып, орыс тілінде жылдың ең танымал әніне айналды. Қайырмасы жаттанды әнге бұл күнге дейін көптеген кавер мен пародиялар түсірілген. Мәселен, осыған дейін қазақстандық комиктерден құралған Yuframe тобының пародиясы үздік деп танылған еді.
Әннің түпнұсқасы бүгінде 50 миллион көрілім жинаған.