10 ақпан 2020 16:10

Тағы бір қазақстандық "Голос Украины" төрешілерін тамсандырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматылық Нұрсұлтан Шатырханұлы "Голос Украины" шоуында Time to Say Goodbye әнін орындап, төрешілерді таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылық Нұрсұлтан Шатырханұлы "Голос Украины" шоуында Time to Say Goodbye әнін орындап, төрешілерді таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Украиналық байқаудың бірінші кезеңінен өткен ол Қазақстаннан барған үшінші қатысушы болды. 33 жастағы Нұрсұлтан Шатырханұлы өмірбойы үлкен сахнада өнер көрсетуді армандағанын айтты, алайда ол әке-шешесінің ізімен жүріп азық-түлік дүкенін ұстауға көмектескен. 

"Мен музыкамен әуестендім, бастадым, бірақ тастап кеттім. Саудаға кеттім. 2017 жылы қайта оралдым. Бұл менікі екенін сездім, сахналарға шыға бастадым. Бірде мен Андреа Бочеллидің орындауын тыңдадым, таңғалдым. Ойымның бәрі мынадай болды: "Сахнаға шығып, ән айтуыма не кедергі?". Жамбыл атындағы филармонияға келдім, солист болдым. Кейін Мемлекеттік үрмелі оркестрде солист болдым, қазір мен Абай атындағы опера және драма театрында солист-тағлымгермін. Менің мамандығым - "мемлекеттік басқару". Музыкалық білімім жоқ. Оқып бастадым, бірақ тастап кеттім. Биыл қайта түссем деймін", - деді Нұрсұлтан. 

Шоу кезінде төрешілер соңғы секундта барлығы Нұрсұлтанға бұрылды. Алматылықтың айтуынша, ол өзін жеңілдім деп ойлаған. 

"Олар мені әбден састырды. Шынайы уайымдадым, өйткені бүкіл ән кезінде олар соңына дейін күтті. Әбден сынады. Бұл классикалық музыка, оны бәрі түсінбейді. Оңай болмайтынын білдім. Бірақ оларға жоғарғы нотада 12 секундқа созғаным ұнады. Мен  барымды салдым. Шамасы, осы әсер еткен болары. Егер олай істемесем, олар маған бұрылмас та еді", - дейді Нұрсұлтан.

Барлық төрешілерден қазақстандық Тина Карольді таңдап, шоу командасына түсті.

"Бұл дауысты музыкалық жанрлармен байланыстыруға болады және керемет шығады! Біздің "Дауысымызға" келгеніңіз үшін рақмет, сенің арқаңда ол "халықаралық" болады", - деді Тина Кароль.

Еске салайық, Индира Еділбаева осыған дейін "Голос Украины" жобасының барлық төрешілерін таң қалдырды. Қыз украин тілінде The HARDKISS тобының "Мелодия" әнін орындады. Сұхбат барысында ол неге жобаға баруды шешкенін айтты.

Ал алматылық такси жүргізушісі Ерлан Байбазаров Portugal.The Man рок-тобының Feel It Still әнімен шығып, келесі кезеңге өтті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети