"Тағы да бірдеңе дедің". Әнші Желіде талқыға түскен әнге қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тағы да бірдеңе дедің". Әнші Желіде талқыға түскен әнге қатысты пікір білдірді Бейнебаян кадры

Желіде "Той думан" арнасында жарық көрген Алина Шакиева есімді әншінің әні қызу талқыланып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі әншіге хабарласып, кім екенін және ән туралы сұрады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде "Той думан" арнасында жарық көрген Алина Шакиева есімді әншінің әні қызу талқыланып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі әншіге хабарласып, кім екенін және ән туралы сұрады.

Ол Желіде түрлі пікір жазғандарға қатысты өз ойын айтты.

"Әркімнің өзінің пікірі бар. Бұл - менің екінші әнім. 4 жыл бұрын "Аялаймын" деген әнім шыққан еді", - деді әнші.

4 жыл бұрын әншінің "Мен аялаймын" атты әні НА YouTube-арнасында жарық көрген екен.

Алина Шакиева негізгі мамандығын айтты.

"Менің негізгі мамандығым - заңгер. Болашақта кәсіби әнші болып, осы саланы дамытқым келеді. Болашақта жоспарымда тағы да ән жазу бар", - дейді ол.

Сондай-ақ, әнші әннің авторлары кім екенін айтты.

"Ұйқым келмейді" әні өзіме қатты ұнады. Сондықтан автордан сұрап алдым. Әннің сөзін жазған Рамазан Амантай, ал әнін жазған Диана Исмайылова. Дайын әнді алдым, әрине, мәтінін алдын ала оқыдым. Бейнебаян маусымда түсірілді", - деді әнші.

Еске салайық, бұған дейін Желіде белгісіз әншінің әні қызу талқыланып жатқаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети