"Такси" фильмінің жұлдызы мәскеулік бардағы төбелестен соң соқыр болып қалуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Такси" фильмінің жұлдызы мәскеулік бардағы төбелестен соң соқыр болып қалуы мүмкін © Mash

Mash Telegram-каналы француздық актер Сами Насеридің Мәскеудегі барда төбелестің салдарынан соқыр болып қалуы мүмкін екенін айтады, - деп хабарлайды Tenginews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Mash Telegram-каналы француздық актер Сами Насеридің Мәскеудегі барда төбелестің салдарынан соқыр болып қалуы мүмкін екенін айтады, - деп хабарлайды Tenginews.kz.

Канал мәліметінше, бірнеше ай бұрын актердің көз орбитасына зақым келген. Бар ішінде отырған Беларусь азаматтары дәл сол әлсіз жеріне тиген. 9 тамызда "Көз аурулары ҒЗИ" орталығы Насериге он сағаттық ауыр ота жасаған. Оның көз бұршағын алмастырған. 

Ең қиыны көз бұрша бітіп кетпеуі де мүмкін. Сами бір көзіне соқыр болып қалады. 

Сондай-ақ, денсаулығынан айырылған француздық актердің фильм түсіріліміне қатысу келісімшарты да бұзылған. 

Айта кетейік, Белорусьтен келген бір топ жігіт кафеде отырған кезде көрші үстелдегілер қатты шулап отырған. Олардың бірі ескерту жасағанына қарамастан, Сами Насери оны балағаттаған. Осыдан кейін төбелес бастаған. Mash мәліметінше, төбелестен даяшы қыз зардап шекен. 

Актердің өзі болса дәрі-дәрмек қабылдап жүруіне байланысты алкогольдік ішімдік ішпейтінін айтады. Ол төбелес салдарынан бас сүйек миы зақымдалмағанын айтады. Өзінің айтуынша, оның жағдайы жақсы екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети