Қазақстан мектептерінде бүгін, 25 мамырда оқу жылының аяқталуына орай соңғы қоңырау соғылды. Отандық танымал жұлдыздар да осы салтанатты жиында балаларымен бірге. Бірінің қызы бастауышты аяқтап жатса, екіншісінің ұлы мектептен түлеп ұшты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әнші Сәкен Майғазиевтің қызы Раяна 2-cынып аяқтады. Қызының "Соңғы қоңырауына" әнші жарымен бірге барды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сурет: іnstagram.com/saken_maigaziyev
Әнші Мадина Сәдуақасованың ұлы Әнуар да 3-сыныпқа көшті.
Сурет: іnstagram.com/saken_maigaziyev
Биыл Маржан Арапбаеваның үлкен ұлы Даниял 11-сынып түлегі. Әнші баласының "Соңғы қоңырауында" өнер көрсетті.
"Басқан қадамың құтты болып, алар асуларың көп болсын, балам. Барша оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын", - деп жазған Арапбаева Instagram-да.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сурет: instagram.com/arapbayevamarzhan
Зарина Омарованың қызы биыл бастауыш сыныпты тәмамдап жатыр. Әнші оқырмандарынан құттықтау сұрап, қызына "қызықтар әлі алда" деді.
Сурет: instagram.com/zarina_omarova_official
Көпбалалы ана, актриса Дана Есеева да балаларымен бірге мектепке барды. Ол Instagram-да "Оқу жылы өзімде аяқталғандай" деп әзілдеді.
Сурет: instagram.com/dana_yesseyeva
Ләйлә Сұлтанқызының ұлдары биыл 7 және 9-сыныпты аяқтады. Қуанышты сәттің видеосын тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Сурет: instagram.com/sultankyzy
Жұлдызды жұп Бүркіт пен Аишаның ұлы да үшінші сыныпқа өтті. Зейін ұстазынан грамота алған сәтін парақшасына салып қойды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Отандық шоу-бизнесте көпбалалы аналар көшін бастап тұрған әнші Динара Сұлтан үлкен қызы Сүрая бастауышпен қоштасқанын жазды.
Сурет: instagram.com/dinara_sultan1
Әнші Рүстем Нұржігіт те баласымен суретке түсіп, оқу жылының аяқталуымен құттықтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!