Соңғы кезде Қазақстан жұлдыздарының арасында денесіне татуировка салдыру сәнге айналды. ZTB.kz татуировкасы бар отандық жұлдыздардың тізімін ұсыныпты.
Соңғы кезде Қазақстан жұлдыздарының арасында денесіне татуировка салдыру сәнге айналды. ZTB.kz татуировкасы бар отандық жұлдыздардың тізімін ұсыныпты.
Луина
Әншінің сол қолында нота бейнеленген татуировка бар. Ол Луинаға үнемі сәттілік әкеледі. Әнші татуировканы "Х-фактор" жобасына қатысып жүрген кезде салдырған.
Дилани
Қазақстандық рэпер денесіне татуировка салдыруға бұрыннан қызығады. Ол өзінің алғашқы татуировкасын 11 сыныпта оқып жүргенде салдырған. Бірінші татуировка "самурай-соғысқа жол" деген мағынаны білдіретін иероглиф болды. Екіншісі араб әріптерімен жазылған "Дилани" жазуы. Сонымен қатар, оның оң қолына айдаһардың суреті салынған. Сол қолында көк барыс бейнеленген.
Шәмси
Әнші екі қолына да кішкентай татуировкалар салдырған.
Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова татуировканы аяғына салдырған. Оның аяғындағы сурет өте терең тарихи мағынаға ие. Әнші татуировкасын көп көрсете бермейді.
Тұрал
Тұрал алғашқы татуировкасын 15 жасында салдырды. Ол кездегі татуировка ағылшын тіліндегі "жұлдыз" сөзі. Кейін ол ата-анасының құрметіне денесіне "мама" және "папа" сөздерін жаздырды.
Илья Ильин
Чемпион қазақстандықтарға спорттағы жетістігімен ғана емес, "Джокер" деген татуировкасымен де танымал.