BlackStar лейблының басшысы Тимати Дағыстанда өтуі керек болған Егор Кридтің концертіне қатысты Хабиб Нурмагомедовтың айтқан сөздеріне жауап қайтарды.
BlackStar лейблының басшысы Тимати Дағыстанда өтуі керек болған Егор Кридтің концертіне қатысты Хабиб Нурмагомедовтың айтқан сөздеріне жауап қайтарды.
Айта кетейік, UFC чемпионы Instagram желісіндегі парақшасында "Невелика потеря" деп жазған еді.
"Дағыстанда не тыңдауы керектігі, не тыңдамауы керектігі туралы сөздеріңді естідім. Жергілікті әртістердің не айтып жүргенін асықпай отырып талдадым. Олардың әндерінің мәскеулік әртістердің әндерінен айырмашылығы жоқ. Сенің ойың - бұл жай ғана БАҚ өкілдерінің жазып жүргені қауесеті деп ойладым. Бірақ сенің Крид пен DONI Дағыстанға келмейді дегеніне қатысты "невилика потеря" деп жазғаныңды естідім.
Концерттің болмайтынына алаңдап жүрген адамдар көп. Олардың әнінде экстремизмге не зорлық зомбылыққа шақыратын ештеңе жоқ. Онда махаббат лирикасы бар, мүмкін ол саған жат шығар, бәлкім ұнамайтын шығар. Бірақ басқаның да пікіріне құлақ асқан жөн. Саған ұнамады екен деп, концертті болғызбай тастаушылардың қатарына қосылу дұрыс емес. Біз сенің жекпе-жектеріңе бармауға шақырып жатқанымыз жоқ. Меніңше, бұл ақымақтық. Әр спортшының не әртістің өз көрермені бар, сол себепті сенің айтқаның - ақымақтық", - деді Тимати.