ТНТ арнасындағы "Холостяк" және "План Б" реалити-шоуларының қатысушысы, актер, комик Тимур Батрутдинов YouTube желісіндегі "А поговорить" каналында неліктен соңғы бір-екі жылда көптеген әзілкеш Comedy Club шоуынан кетіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Comedy резиденті бұл жобаның қатысушылары үшін қандай да бір өзіндік трамплин екенін айтты. "Олар өзімен-өзі болғысы келеді, бөлінуді ойлап, жеке жүргенді қалайды. Бәлкім, олар өзін ересек сезінетін болғандықтан шығар", - деді Батрудинов.
Журналист танымал комиктер - Сергей Светлаков, Михаил Галустян және басқалары неліктен СТС телеарнасында жүргенін сұрады. Тимурдың айтуынша, СТС арнасында ТНТ-ға қарағанда танымал адамдар өте аз, сондай-ақ ТНТ арнасы әрдайым жастарға назар аударады.
Батрудиновтың айтуынша, ол кейде СТС арнасына ауысу туралы ойлайды екен, алайда ол Comedy Club шоуынан кетуге дайын емес екен, себебі бұл оның да "баласы".
Comedy Club резиденті сұхбат барысында көптеген басқа да тақырыпты қаузайды. Батрудиновтың айтуынша, ресейлік әйелдердің басты мәселесі - ұсақ пайдакүнемшілдік (меркантилизм). "Бәлкім бұл бірден байқалмайтын шығар, бірақ үшінші рет кездескенімде кез келген қыз қарыздарын жабу мақсатында менен ақша сұрайды. Әрине мен де ашкөз емеспін, қарызын жауып беремін, бірақ бұл одақта мен өз функциямды бірден білемін", - деп әзілдеді комик.