Том Хэнкстің ұлы Частер Хэнкске Лондондағы өзі орналасқан мейманхана бөлмесінің астан-кестенін шығарғаны үшін іздеу жарияланды, - деп хабарлайды The Daily Mail. Частер мейманханаға 1800 доллар көлемінде шығын әкелген. Айта кетейік, Том Хэнкс голливудтің танымал актері, ал оның 24 жастағы ұлы рэпер ретінде танылған.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, жігіт Лондон әуежайы маңындағы төрт жұлдызды қонақ үйге тоқтаған. Ол мұнда түнгі клубтағы кештен кейін келіпті. Частер түнгі клубта да оғаш қылықтарымен көзге түскен. "Ол ішіп алып: Менің кім екенімді білесің бе?, -деді. Бірақ бұл ешкімді таңғалдырған жоқ, әрі ешкім таныған да жоқ. Осыдан кейін ол актер досы және промоутер үш қызбен мейманхаға кетті. Автотұрақта оның жағдайы нашарлады. Ол бөлмесіне көтерілді де, достарымен бірге шу көтерді", - деп жазылған басылымда.
Басылымның мәліметінше, Частер Хэнкс бөлмесіндегі қыздарға өзімен төсектес болуды ұсынған, дегенмен қыздар оған келісім бермеді. Осыдан кейін жігіт айғайлап, есірткі сұраған. Мейманхананың басқа да қонақтары шуға байланысты ескерту айтты. мейманхана қызметкері жігітпен сөйлесу үшін оның бөлмесіне көтерілді: "Осыдан кейін шу басылды. Таңертең ол бөлмесінен шығып кетіп қалды. Бірақ бөлменің астан-кестені шыққан. Еденде әйнектер шашылып жатты", - делінген басылымда. Daily Mirror басылымының хабарлауынша, Частер оқиғаны өсек-аяң деді. Ол тілшілерге барлық заңды мүмкіндіктерін қолданатынын айтып, қысым көрсеткен.
Айта кетейік, Том Хэнкс қазір Венгрияда Дэн Браунның Инферно бестселеріне түсірілім жұмыстарында жүр. Актер ойнаған фильм әлемдік прокатта 8,3 миллард доллардан астам пайда түсірді.