Қазақстандық танымал әншілер Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан көрермендер көңілінен шыққан "Алло" әнінің жалғасын шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz. Бұл ән "Сәлеметсіз бе" деп аталады.
Қазақстандық танымал әншілер Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан көрермендер көңілінен шыққан "Алло" әнінің жалғасын шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz. Бұл ән "Сәлеметсіз бе" деп аталады.
"Жеңіл, ойнақы, сөздері қарапайым, қабылдауға жеңіл, музыкасы да жағымды әнді жылы қабылдады. Тіпті, "Таныдың ба?", "Жұлдыз ба едің?", "Бос орынға гүл егіңіз", "Құрдастарым келсе жүзге, менің жасым он сегізде" деген сөз тіркестері жұрт жадында жатталып та қалды. Осы ән шыққаннан кейін әлі жалғасы болатынын, клипі де жалғасатыны белгілі болған еді. Олай болса "Сәлеметсіз бе" әні де тыңдармандарын көп күттірмегендей. Ән әлеуметтік желілерде жарияланып үлгерді. Youtube хостингінде "Ерке Есмахан" парақшасынан жаңа әнді тыңдауға болады. Клипі кейінірек шықса керек. Олай болса "Сәлеметсіз бе" әнін тыңдап, бағасын бере отырыңыздар", - деп жазады басылым.
Айта кетейік, Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан өткен жылы алғаш рет дуэт құрып, "Алло" әнін орындап, бұл ән хитке айналған еді. Алайда кейін әншілердің арасында жанжал туындап, бұл оқиға жұрттың аузында бітіспес дауға айналған болатын. Нақтырақ айтсақ, Stan.kz сайтының мәліметінше, әнші Төреғали Төреәлі отандық бағдарламалардың бірінде "Ерке менің арқамда танылды" деп пікір білдірген. Осыдан кейін Есмаханның продюсері Баян Есентаева "Гәкку" арнасына берген сұхбатында Төреәлі мырзаның Ерке Есмаханға тиісті гонорарын төлемегендігін айтқан да еді.