ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қазан 2022 | 15:55
Төреғали Төреәлі соққыға жыққан гидпен татуласты
Төреғали Төреәлі Көлсайда соққыға жығылған гидпен тіл табысып, бітімге келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Төреғали Төреәлі Көлсайда соққыға жығылған гидпен тіл табысып, бітімге келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әнші жазбасында баяндап, гидпен бірге түскен суретін жариялады.
"Ер шекіспей, бекіспейді" деп Бекарыс бауырымызбен мәмілеге келдік. Қарапайым адамға да, өнер адамына да ортақ республикамыздың заңымен құзырлы органдардың тексерісінен өтіп, ресми бітімге келдік. Сүрінгенде сүйеу болған, түңілгенде тіреу болған Алаш жұртына көп рақмет!
Қызық болғанда, бүгін Бекарыс бауырымыздың дүниеге келген күні екен. Ғұмыры ұзақ, өмірі берекелі болсын!" - деп жазды әнші Instagram-парақшасында.
"Гидті ұрды". Қазнетте Төреғали Төреәлінің видеосы талқыланып жатыр
Еске салайық, бұған дейін Қазнетте Төреғали Төреәліден соққы көрдім деген жігіттің видеосы тараған еді. Кейін Төреғали Төреәлі уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также