Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Төреғали Төреәлі ұсталды 30 қыркүйек 2022, 15:30

Төреғали Төреәлі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Алматы облысы ПД бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Төреғали Төреәлі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Алматы облысы ПД бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

28 қыркүйекте Ұлттық парк аумағында, Алматы облысы, Кеген ауданында болған бұзақылық әрекеттер дерегі бойынша, ЕҚДБ-да қылмыстық іс тіркелген болатын.

"Бүгін, 30 қыркүйекте күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу істі дұрыс шешу үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объектив зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараны қабылдайды", - деп жазды Әбдірахманов. 

Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Алматы облысының Полиция департаментінде бақылауға алынғаны айтылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

Еске салайық, бұған дейін Қазнетте Төреғали Төреәліден соққы көрдім деген жігіттің видеосы тарады. 

"Гидті ұрды". Қазнетте Төреғали Төреәлінің видеосы талқыланып жатыр

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram