Төреғали Төреәлінің Таразда неліктен "кондуктор" болып жүргені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төреғали Төреәлінің Таразда неліктен "кондуктор" болып жүргені анықталды Әлеуметтік желідегі видеоның кадрлары

Әлеуметтік желіде әнші Төреғали Төреәлінің Тараз қаласында кондуктор болып жүрген видеосы жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде әнші Төреғали Төреәлінің Тараз қаласында кондуктор болып жүрген видеосы жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеода әнші автобустан кондукторлар киетін киіммен шығып, адамдарды бағыт жолдарынан құлағдар ете бастайды. Осыған дейін отандық БАҚ-тар оның Таразда өтетін шоу концертіне түсірілім жұмыстарында жүр деп те хабар таратты. Әлеуметтік желі қолданушылары кадрдағы ер адамның Төреғали Төреәлі емес екенін де айтты. Алайда әншінің директоры Фариза Спандиярдың айтуынша, бұл "Қазақстан" ұлттық арнасымен бірігіп түсіріп жатқан "Ұлы дала баласы" атты реалити-шоудың түсірілімдері екен. Директорының айтуынша, реалити-шоу таяу уақытта осы арнадан көрсетіледі. Алайда ол жаңа бағдарламаның не жайлы болатыны жайлы толығырақ мәліметті беруден бас тартты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети