Төреғали Төреәлінің жары кім?

18 Қазан 2017, 16:12
0
Төреғали Төреәлінің жары кім? - © Instagram
© Instagram

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі кеше, 17 қазанда Rixos Almaty қонақүйінде үйлену тойын дүркіретіп өткізді. Әртіс сүйіктісімен отау құрғанына 3 жыл өтсе де, оның жұбайы кім екені бүгінге дейін жасырын болып келді.

Төреғалидің өзі сұхбаттарының бірінде бұл жайында былай деп пікір білдірген еді: "Сөзімде тұрдым деуге болады. Өйткені мен үйлену тойын жасаған кезде мұқым қазаққа жария қылып, айтамын деп уәде берген едім. Сол уәдеде тұру керек, жігіттің екі сөйлегені өлгені. Оған бәрі таңғалып жүр. Келіншегімнің өзі сөйтіп таңғалып жүр қазір".

Әншінің әйелінің есімі Толқын Тұрарбекқызы. Жұп қазіргі уақытта екі бала тәрбиелеп отыр. Әншінің өкілдері әйелі қазір 25-те, яғни Төреғалимен жасты екенін айтады. Толқын Алматы облысының тумасы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде бакалавр мен магистратурасын тәмамдаған.

"Мен өзім Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылында туып-өскенмін. Отбасымда бес бауырым бар. Әпкем мен өзімнен кейін үш інім бар. Ата-анам, бәрі осы Алматы қаласында тұрады", - деді Толқын Тұрарбекқызы. 

Төреғали Төреәлі бұған дейінгі сұхбаттарының бірінде әйелін жұмыс істетпейтінін айтқан еді. "Қоғамға қыз балалардың жұмыс істегені керек шығар. Бірақ, әйел адамның өмірдегі ең басты мақсаты мен міндеті - үйде отырып нан жабу, бала табу. Оларға одан ауыр жүк жүктемеу керек", - деген еді ол.

Ал мұның алдында әншінің үйлену тойынан суреттер мен видеолар жарияланған еді.

Tengrinews.kz редакциясы әншінің қалыңдығының ұзату тойынан суреттер жариялайды: 


Ұзату тойынан суреттер


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай