06 маусым 2022 09:41

"Тірі адам көрмегендей". Қайрат Нұртас ән айтқан концертте келеңсіз оқиға болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

kair_n Instagram-парақшасынан kair_n Instagram-парақшасынан

Танымал әнші Қайрат Нұртас ән айтқан концертте келеңсіз оқиға болған. Оқиға видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеодан ол ән айтып тұрғанда, көрермендер сахнада жүгіріп жүргені көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Танымал әнші Қайрат Нұртас ән айтқан концертте келеңсіз оқиға болған. Оқиға видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеодан ол ән айтып тұрғанда, көрермендер сахнада жүгіріп жүргені көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қайрат Нұртас ән айтып жатқан кезде жанкүйерлер қоршауды бұзып, сахнаға шықты", - делінген видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мой Павлодар (@mypavlodar)

Желі қолданушыларының айтуынша, концерт Павлодарда өткен. Сонымен қатар, пікір білдірушілердің қатарында бұл әрекет ерсі екенін айтқандар бар:

Жабайылар! Осындай адамдар үшін ұяламын.

Түсінбеймін, жұлдыздарға жақындаса, не болады?

Құдай-ау, сонша не болды?

Жабайы халық, Павлодарлықтардың масқарасын шығармаңдар!

Жабайылар, тірі адам көрмегендей.

Өзім сонда болдым, ұят.

Павлодар үшін ұялып отырмын.

Пікір білдіргендер арасында бұл қалыпты жағдай екенін де айтқандар табылған:

Бәрі түп-түзу, жанкүйерлері жақындап, сөйлескісі келген болар. Онда тұрған не бар?! 

Қолтаңба алар еді, онда тұрған не бар? Президент секілді қорғап жатыр.

Кейбір Желі қолданушылары бұл жағдай қойылым екенін айтқан:

Ол әншілердің қойылымы.

Видеода жасөспірімдер әзіл үшін істеген секілді, ақыл-есі сау адамға мұндай ой келмейді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети