10 қараша 2017 | 16:26

Тұрсынбек Қабатов асабалық үшін қанша алатынын және бәсекелестік туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы "The Эфир" жобасының қазақ тіліндегі нұсқасын қолға алып, бірінші сұхбатты КВН жұлдызы, белгілі стендапер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері әрі танымал шоумен Тұрсынбек Қабатовпен өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сұхбат барысында Тұрсынбек Қабатов өзі туралы жұртшылыққа қызық бірнеше сұрақтарға жауап берді.


Иконка комментария блок соц сети

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы "The Эфир" жобасының қазақ тіліндегі нұсқасын қолға алып, бірінші сұхбатты КВН жұлдызы, белгілі стендапер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері әрі танымал шоумен Тұрсынбек Қабатовпен өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сұхбат барысында Тұрсынбек Қабатов өзі туралы жұртшылыққа қызық бірнеше сұрақтарға жауап берді.

Қабатов кезінде өзі ойнаған көңілді тапқырлар клубы мен қазіргі КТА, Жайдарманның қатысушыларын салыстырды. 

"Қазіргі көңілді тапқырлар клубына қатысушы жастар автобуспен жүрмейді, барлығы дайын, олар тек киген киіміне, шаш қою үлгісіне назар аударатын секілді. Бүгін сахнаға шығып, ертең жұлдыз болуды армандайды. Бірақ шындап келгенде қатты бір әзіл жоқ, тек позитивті музыкамен алып кетеді. Біз барлық жағдайды жасап отырмыз. Соған қарағанда адам тек аш кезінде ғана тереңірек ойланып, жұмыс істей бастайтын сияқты, ал тоқ кезінде зауқы да болмайды. Менің де бұрынғы монологтарымда қазір қарап отырсам, күлкім келеді. Есейгендік пе, әйтеуір барлығын саралап барып қана бірдеме жазып, айтуға тырысасың, ал бұрын біреудің көңіліне тисін тимесін, сахнаға шығып барынша әзілді өткізуге тырысатынмын", - дейді Тұрсынбек Қабатов. 


Сұхбаттың толық нұсқасы.

Сонымен қатар, белгілі шоумен, асаба қанша табыс табатыны жайлы да тоқталып кетті. 

"КТА маған ешқандай табыс алып келіп жатқан жоқ. Бұл өзін өзі де жаппайды. Бұрыннан арманым еді, осы Көңілді тапқырлар алаңына қатысушыларға жағдай жасалып (жол кіресі, қонатын жері), оқу бітіргеннен кейін Ресейдегідей Comedy Club немесе сериалдарға түсуге мүмкіндік алатындай жағдай жасалса деп. Біздікілер тек асаба болады, не ЖОО-дағы мамандығына кетеді. Қазір мүмкіндік бар, сол себепті де осындай өнерді сүйген жастарды тартқым келеді. Тойға бір шыққаныма 15 мың АҚШ долларын сұраймын, оның себебі барлығын қойып тастап, той той, ақша ақша болып кетті. Менің басқа да жұмыстармен айналысқым келеді. Қазір жақсы аптасына бір ғана той, кейде ол да жоқ, бос уақытым бар. 7-8 мыңға шығатын болсам дүйсенбіден жексенбіге дейін шыға беретін түрім бар. Мені біреулердің тойына "подарок" ретінде апарушылар, министрліктен қоңырау шалып, әкімдіктен қоңырау шалатындар көбейіп кеткендіктен, осындай сомаға көтеріп тастадым", - дейді ол. 

Ел-жұртты мазалайтын мәселелерден Ләйлә Сұлтанқызы Қабатовқа мынадай сұрақтар қойды: "Бір елге екі "КВН" көптік етпей ме?", "Есен Елеукенмен араларыңыз қандай?", "Казахи" көңілді тапқырлар клубындағы Нұрлан Қоянбаевпен араларыңызда бақталастық бар ма?".

"Менің ойымша 18 миллион халыққа екі ойынның болғаны көптік етпейді, есесіне бәсекелестік бар жерде тауардың сапасы шыңдала түседі. КТА ашылмай тұрып, Жайдарманның бұрынғы видеоларын салыстырып көрсеңіз жер мен көктей. Есен ағам ренжіп жүрген шығар, бірақ сәлеміміз түзу. Мен ол кісіден көп нәрсе алдым. Өзім жалпы оны қатты құрметтеймін. Ал өзім өнер көрсеткен "Казахи" жайлы айтар болсам, онда ешқандай бақталастық жоқ. Нұрлан да, мен де мықты емес, сол әзілдерді жазатын Құмар, Малик, Даут, Санат және Гүлнарлар мықты. Өкінішке орай, олардың еңбегін біле бермейді. Кім гол соқса, соны ғана мақтайды, ал оған пас шығарған адам шетте қалып қоя береді. Біздікі де сол дайын сөзді айта салу ғана. Командада әркімнің позициясы бар, солардың барлығы жұмыла жұмыс істеген уақытта ғана жеңіске жетесің", - деді Тұрсынбек Қабатов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети