Тыңдармандарым ақша жинап берейік, өнерден кетпеңізші деді - Жігер Ауыпбаев

viewings icon 636 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Жігер Ауыпбаев. © Massaget.kz Жігер Ауыпбаев. © Massaget.kz

Әнші Жігер Ауыпбаев Massaget.kz басылымына берген сұхбатында "Меломен" тобынан кетуі, шығармашылық жолға жалғыз шыққаны және өзіне қатысты айтылып жатқан түрлі қауесеттер жайлы пікір білдірді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әнші Жігер Ауыпбаев Massaget.kz басылымына берген сұхбатында "Меломен" тобынан кетуі, шығармашылық жолға жалғыз шыққаны және өзіне қатысты айтылып жатқан түрлі қауесеттер жайлы пікір білдірді.

Айтуынша, "Меломен" тобынан кеткеннен кейін ол сахнаға жеке шығып, өнер жолын жалғастырмақшы. Тіпті жаңа ән де жазып үлгеріпті. "Тыңдармандарым хабарласып, "Аға, өнерден кетпеңізші, ең болмаса әніңізді айтып жүре беріңізші" дегендер болды. Тіпті "тым болмаса тыңдармандарыңыз болып, ақша жинап берейік" деді. Мен өнерден кеткен жоқпын. Сондай бір көңіл толқытатын, жүректі ауыртатын ұсыныстар айтылды. Сол тыңдармандарыма алғысымды білдіремін, бір жағынан шабыт берді", - дейді әнші.

Ал "продюсеріңіз бар ма?" деген сұраққа әнші дос-жарандары мен бауырларының қолдауынан артық продюсер қажет емес екенін айтып, әзілдеді.

Сондай-ақ, әнші өзі туралы қауесеттерге қатысты үш түрлі адам жайлы ой-толғамын жеткізді.

"Өсек сөз тараған кезде соны қуанышпен, құштарлықпен тарататын адамдар болады. Мұндайда сөздің төркіні өзгеріп кетеді. "Самаурынды су алыпты десе, Самарқанды су алыпты" деген сияқты. Бұл баланың деңгейіндегі адамдар. Ал дараның деңгейіндегі адамдар болады, олар сөз шыққанда, қабылдайды, бірақ өздерін күнәдан алып қашып, қоя салады екен. Соңғысы, үшінші топ - дананың деңгейіндегі адамдар. Олар өсек әңгіме шыққан кезде бірінші жақтың сөзін тыңдадық деп, енді екінші жақтың сөзін тыңдайық дейтіндер. Сол екінші жақтың пікірін салыстырып қана қорытынды шығаратындар осы дананың деңгейіндегі адамдар. Осындай адамдар көп болсын деп тілеймін, бірақ өкінішке қарай, баланың деңгейіндегі адамдар көп", - деп өкінішін білдірді Жігер Ауыпбаев.

Осыған дейін әнші "Меломен" тобынан кеткенін мәлімдеген болатын. "Төрт ай бойы біз сөйлестік, талқыладық. Кетемін дегенімде, бара бер, өзің әбден ойланып жауабын айтарсың деген болатын. Бір айдай уақыт арамызда байланыс мүлдем үзілді. Бір-бірімізді іздеген де жоқпыз. Содан-ақ белгілі ғой. Бірақ кейін топтың продюсері Бауыржан Есебаев, ол кісіге Алла разы болсын, бар жағдайды біліп, топтың жұмысын қайта тірілткендей болып еді", - деген еді әнші.

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 1
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией
А
Ақтау RO

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю