"Венесуэла аруы" байқауына қатысушы бүлік кезінде оққа ұшты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Венесуэла аруы" байқауына қатысушы бүлік кезінде оққа ұшты Женезис Кармона. ©Latintimes.com

Венесуэлада тәртіпсіздік кезінде "Венесуэла аруы" байқауына қатысушы әрі "Туризм аруы - 2013" атағына ие Женезис Кармонаның басына оқ тиді деп хабарлайды Tengrinews.kz Mirror порталына сілтеме жасап. Елдің Карабобо штатының астанасы - Валенсияда үкіметке қарсы наразылық шарасы кезінде белгісіз біреу 22 жастағы қызды басынан атқан. Бойжеткен ауруханаға дереу жеткізілгенімен дәрігерлер оның өмірін құтқарып қала алмады. Женезис Кармона - кәсіби модель, ол жоғарғы оқу орнының туризм факультетінде соңғы курста оқып жатқан. Айта кетейік, жылдың басында бұл елде "Венесуэла аруы" атағын 2004 жылы жеңіп алған Моника Спир де кісі қолынан өлген еді. Бес жас жігіт оның отбасына шабуыл жасап, өзін өлтіріп кеткен болатын. Еске сала кетейік, Венесуэлада өткен аптадан бері жаппай наразылық шарасы өтіп жатыр. Оппозиция жақтастары Николас Мадуро үкіметіне қарсы бас көтерді. Бүліктің салдарынан алты адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети